Сарыағаш ауданы әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласысының бас жоспарын дамыту мақсатында облыс маслихат депутаты Ж.Сүлейменов және жобалаушы мекеме «Даулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас инженері С. Қуанышбаевпен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу жұмыстары бойынша талқыланды.
Мұнан соң, аудан әкімі Арман Айдарұлы аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аудан әкімінің жеке қабылдауына алдын ала жазылған 19 тұрғынның өтініштері қаралды.
Қабылдауға келген тұрғындар жұмыспен қамту, тұрғын үй беру, асфалт төсеу, жер, әлеуметтік және жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, заңнама аясында тиісті жауаптарын беріп, айтылған өтініштерге сәйкес, тез арада және кезең-кезеңімен шешімін табатын мәселелер бойынша тиісті бөлім басшыларына, қала және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
Сонымен қатар, аудан басшысы Арман Абдуллаев Жібек жолы ауылдық округіне арнайы іс-сапармен барып, кеден бекеті маңындағы абаттандыру жұмыстарын бақылап қайтты.
Жібек жолы елді мекенінде орналасқан «Жібек жолы» кеден бекетінің алдына «Керуен» кіші архитектуралық нысанының құрылысы жүргізілуде. Аталған құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда.
Аудан басшысы ауылдық округ әкіміне ауданның көркі ретінде салынып жатқан абаттандыру нысанын сапалы жүргізіп, мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Сонымен қатар, аудан әкімі Дихан баба елді мекеніндегі тігін цехының жұмыстарымен де танысты. Жергілікті тұрғын М.Усенбаев «Ауыл аманаты» жобасы аясында жеңлдетілген несие алып өзінің тігін цехын кеңейтіп отыр. Аталған тігін цехында ескі маталарды арнайы қондырғы арқылы өңдеп көрпе, жастықтарға шикізат ретінде пайдалануда. Бүгінгі таңда М.Усенбаев тігін цехында 6 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Сарыағаш ауданы әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округі, Береке елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер мекеме өкілімен және елді мекен тұрғындарымен кездесіп, құрылыс жұмыстарының барысын бақылады. Кездесу барысында […]
Сарыағаш ауданында 583 пәтер былтыр қолданысқа берілген. Арадан жыл өтсе де, әлі күнге сол баспаналардың 50 пайызында жан адам тұрмайды екен. Бұл жөнінде жергілікті қоғам белсендісі Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлының ауданға іс-сапары барысында айтты. […]
Сарыағаш аудан әкімі Арман Абдуллаев «тұрғын үй-моммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында Сарыағаш қаласына қарасты Самал-3 мөлтек ауданында жеке инвестор есебінен салынып жатқан арендалық тұрғын үйлердің құрылыс-монтаж жұмыстарының барысын бақылады. Айта кетсек, аталған […]
Пікір қалдыру