Сарыағаш ауданы әкімі Арман Абдуллаев Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекенінде жүргізіліп жатқан ауыз су құрылысы жұмыстарына арнайы барып, мән-жайымен танысты. Қазіргі таңда құрылыс нысанында ауыз су жіберу, тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Аудан басшысы мердігер мекеме өкілімен ауыл тұрғындарымен кездесті. Атқарылған жұмыстарды саралаған аудан басшысы жоспарланған жұмыстарды тез арада жүргізу қажет екенін атап өтіп, жауапты мердігер мекеме өкіліне және бөлім басшысына жүйелі жұмыс атқаруды тапсырды.
Аудан әкімі жұмыс сапары барысында аталған ауылдық округте орналасқан №22 Елшібек батыр атындағы жалпы білім беретін мектептің күрделі жөндеу жұмыстарының барысын бақылап, жауапты мердігер мекеме өкіліне құрылыс жұмыстарын сапалы және тамыз айының соңына дейін аяқтау қажет екенін ескертті.
Айта кетсек, ғимараттың терезелері түгел пластик терезелерге ауыстырылып электр жүйелері жаңартылған. Шатыр ағаштары толығымен қағылып, ғимараттың 1-2 қабаттарында жылыту трубасы орнатылды.Келесі кезекте есіктерін орнату, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізу жоспарлануда. Қабырғалар мен мектептің қасбеті түрлі-түске боялып, тамыз айының 28-не тапсыру жоспарлануда.
Мұнан соң аудан әкімі Арман Абдуллаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген 19 тұрғын өз мәселелері бойынша жүгінді.
Атап айтқанда ауыз су мәселесі, коммуналдық тұрғын үй кезегі, жол мәселесі, әлеуметтік және жеке мәселелері бойынша өтініштерін жолдады.
Аудан әкімі жеке қабылдауға жазылған әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, тиісті басшыларға нақты тапсырмалар беріп, өзінің тікелей бақылауында болатынын жеткізді. Оған қоса, тұрғындардың өтініш-тілектерінің ешбірі ескерусіз қалмайтынын айтып, бәрі заң аясында шешілетінін жеткізді.
Шымкент қаласында 2020 жылы Жаңақұрылыс аумағында орналасқан 7 елдімекенге сапалы ауыз су беріліп, Тассай, Бадам-Бадам-2, Бадам 195 орам, Азат, Достық және Тұран (II кезек) елдімекендерінің тұрғындары қуанышқа кенеліп отыр. Ширатып айтсақ, Бадам 195 орамда […]
Сарыағаш ауданында 583 пәтер былтыр қолданысқа берілген. Арадан жыл өтсе де, әлі күнге сол баспаналардың 50 пайызында жан адам тұрмайды екен. Бұл жөнінде жергілікті қоғам белсендісі Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлының ауданға іс-сапары барысында айтты. […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты әр Жолдауында: «Еліміздің экономикасы сыртқы саудаға және инвестицияға әрдайым ашық. Инвестиция тарту жұмысын жүйелі жүргізу керек. Бұл –Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттің бірі»,-деп атап […]
Пікір қалдыру