Шалғайда орналасқан елдімекендердің барлығына ауыз су тарту мәселесі аудан әкімі Арман Абдуллаевтың тікелей назарында. Ауданда ауыз су мәселесі жыл өткен сайын оң шешімін тауып келеді. Елдімекендерге су құбырын тарту жұмыстары жылдан-жылға артуда.
Осы тұста, бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев Қабланбек ауылдық округіне арнайы барып, Жонарық, Қанағат, Ақниет елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын пысықтады.
-Бүгінде елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі тыңғылықты атқарылып келеді. Ауыз сумен қамту – басты мақсатымыз!Уәде бойынша Береке елді мекеніндегі су құбырларының системасына су жіберілді. Ауыл тұрғындарының үйлеріне баратын су маңызды әлеуметтік мәселе, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелі әрі белгілі бір мерзімді қажет етеді. Тұрғындардың денсаулығының мықты болуы және басқа да дүниелер осы мәселемен тікелей байланысты болғандықтан жұмыстың сапасына аса мән берілуі қажет,- деді аудан басшысы.
Ақниет елді мекенін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жауапты мердігер мекеме «Универсал Строй Сервис» ЖШС тарапынан жүргізілген. Нысанның ауыз суға қосылу көзі –Ақниет елді мекенінде ауыз су жүйесінің су жинау қоймасы. Ал, Қанағат елді мекенін ауыз су құрылыс жұмыстары «Корпорация Алем-құрылыс» ЖШС тарапынан жүргізіліп, ауыз суға қосылу көзі – Ақниет елді мекеніндегі ауыз су жүйесінің су жинау қоймасы болып келеді. Аталған елді мекендерін ауыз су жүйесінің су құбыры және ішкі су құбыры желілерінің қосу жұмыстары жүргізіліп, іске қосу барысында бірнеше кемшіліктер орын алған. Кемшіліктер «Универсал Строй Сервис» ЖШС тарапынан келісім шартта көрсетілген кепілдік мерзіміне сәйкес түзетілуде. Бүгінгі таңда, елді мекеннің ішкі жүйелеріне су жіберіліп, жүйедегі ақаулықтар ретке келтіруде. Алдағы уақытта тиісті тексеру жұмыстарын аяқтап, жүйеге су жіберу жоспарлануда.
Сонымен қатар, аудан басшысы Құркелес ауылдық округіне арнайы барып, , Береке елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын саралады. Магистралды су құбырлары салынып, абоненттік су есептеуіш құралдары және құдықшалар орнатылған. Бүгінгі таңда, құрылыс-монтаж жұмыстары 90 пайызға орындалған. Бүгінде елді мекенге баратын магистралды су құбыры мен елді мекеннің ішкі көшелерінің су құбырларына тексеру, қысымдау жұмыстары жүргізілуде.
Аудан басшысы бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай отырып, жауапты мердігер мекеме басшысына бірқатар ескертулер атап өтіп, ауыз су құрылысын жоспарға сәйкес мерзімінде және сапалы жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, алдағы уақытта құрылыс жұмыстарының барысын арнайы өзі келіп қадағалап тұратынын жеткізді.
Шымкент қаласы «Сәуле» шағынауданында 6 көшеге тас төселеді. Электр жарығын беру және ауыз су тарту мәселелері де рет-ретімен шешілетін болады. Сөйтіп «Сәуле» шағынауданына қарасты 276-орамдағы жол мәселесі биыл шешіледі. Бүгін елді мекенді аралап шыққан Шымкент қаласының […]
Отырар ауданындағы Ақкөл елдімекенінде геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша энергетика басқармасы байқау ұйымдастырған. Қазіргі күнде мердігер мекеме анықталып, зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Геологиялық зерттеу жұмыстардың қортындысы жақын арада мәлім болса, жыл соңына дейін жобалық сметалық […]
Түркістан облысында ауыз су мен газға қатысты жобаларды уақтылы әрі сапалы аяқтау керек. Бұл жайлы облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов айтты. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов өңірді инфрақұрылыммен, ауыз су мен газбен […]
Пікір қалдыру