ОРДАБАСЫДА 54 ЕЛДІМЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛҒАН

Түркістан облысыдағы Ордабасы ауданы халқының тоқсан бес пайызына жуығы таза тіршілік нәрін ішіп отыр. Ол дегеніміз, аудандағы елу жеті елдімекеннің , елутөрті орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған.

«Жалпы аудан халқын жүз пайыз ауыз сумен қамту үшін үш елдімекен қалып отыр.Ол Қаспн ық округіндегі Мәдеиет, Жұлдыз, Ынымақ ауылдары. Бүгінде ол ауылдарға ауыз су жүйесін тарту үшін жобалық сметалық құжаттары жасалған. Тіпті, республикалық бюджетке ұсынылып қойған. Екі мың жиырма бесінші жылдың жоспарына енген. Қаржыладыру өз уақытында болса, құрылыс жұмыстры басталады деп үміттеніп отырмыз»,- дейді Азат Оралбаев.

Одан бөлек Ордабасы ауданы Шұбарсу елдімекенінде ауыз су құбырының құрылысы басталған. Аудан әкімінің айтуынша, ол жұмыс төрт кезеңнен тұрады екен. Алайда ауыз су өткен жылдың соңында пайдалануға берілуі тиіс болған. Бірақ, біршама өзектіліктерге байланысты кейінге шегерілген. Дегенмен бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталып, су құбырларына су жіберіліп отыр. Шұбарсу елдімекеніндегі бұл ауыз су жүйесі тамыз айының ішінде толықтай іске қосылып, тұрғындарға су беріледі деп күтілуде.

Сонымен қатар, айта кету керек Ордабасы ауданында  ауыз су жүйесін күрделі жөндеуден өткізу қажет нысандар бар. Олар бойынша бүгінде жобалық сметалық құжаттар жасалып біткен. Қаржыландыру үшін республикалық бюджетке ұсынылған.

Бірақ, Ордабасы халқын табиғи газбен қамту ауыз судан анағұрлым төмен. Бүгінгі таңда өкінішке орай елу жеті елдімекеннің бар-жоғы жиырма үшінде ғана бар. Яғни, аудан халқының қырық пайызынан астамы ғана көгілдір отынның қызығын көріп отыр. Жылсоңына дейін Ордабасыдағы тағы жеті елдімекен газбен қамтамасыз етілмек. Оның ішінде бес елдімкеннің  жобалық сметалық құжаттамасы әзірленген. Қазірде олар бойынша облыстық және республикалық бюджетке ұсыныстар жолданып отыр.

Мұнан өзге, Ордабасыда аудандық маңызы бар төрт көше бар. Соның екеуінің жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыс бюджетінен қаржы қаралған. Олар Тоқсансай және Қалаш елдімекендеріне баратын жолдар.  Қазірде мемлекеттік сатып алу байқауы ұйымдастырылып жатыр екен.Ал  жалпы аудандағы жолдардың қанағаттанарлық жағдайының үлесін биыл 50 пайыздан асыру көзделіп отыр.

Сондай-ақ, бүгінде  Ордабасыда үш мектептің іргетасы қаланып жатыр. Олар Қызылжар, Төрткүл, Шұбарсу елдімекендеріндегі білім ошақтары. Оның ішінде Қызылжар мен Төрткүл елдімкендеріндегі мектептерді биыл қараша, желтоқсан айларында  пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал Шұбарсу ауылындағы алты жүз орындық мектеп келесі жылға өтпелі.

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша ауданда бес білім ошағы бой көтереді. Қазіргі таңда Ақбұлақ ауылындағы үш жүз орындық мектеп желтоқсан айында берілмек. Қалған төрт меткептің құрылысы келер жылы басталатын болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*