ТҮРКІСТАН: ИНВЕСТОРЛАР ТЕМІРЛАНДА 29 ҮЙ САЛАДЫ

Ордабасы ауданыда тұрғын үй кезгінде тұрған екі мың екі жүз жиырма үш азамат тұр. Бұл жөнінде аудан әкімі Азат Орлбаев мәлімдеді.

Осы орайда, аудан орталығы Темірланда инвесторлар үй салуға ниет білдіріп, іске кірісіп кетіпті. Бүгінде олар бір қабатты жиырма тоғыз баспана салып жатыр. Бұдан бөлек үш қабатты үш арендалық үйдің де құрылысын бастаған.

«Қазіргі күнде Темірланда бойтүзеп жатқан сол үйлердің алтауы аяқталуғы жақын. Жақын күндері құрылысы біткен баспаналарды қабылдап, кезекте тұрған азаматтарға табыстайтын боламыз»,- дейді аудан басшысы.

Сонымен қатар, ауданда денсаулық сақтау саласының сапасын арттыру мақсатында жаңа ғимараттар бой көтеріп жатыр. Нақтырақ айтқанда, бүгінгі күнде аудандағы үш елдімекенде жаңа нысандардың құрылысы жүріп жатыр. Олар Бөген, Көкарал, Қарабастау елдімекендерінде салынуда. Ғимараттардың іргетасы облыстық қазынадан бөлінген қаржыларға көтеріліп жатыр. Аталған үш ғимарат құрылысы биыл бітер болса, Ордабасыдағы денаулық сақтау саласындағы материалдық техникалық мәселелер биылғы жылы толығымен шешіледі деп күтіліп отыр.

Мұнан өзге, Ордабасы ауданындағы мәдени нысандардың да жаңарып жатқанын айта кету қажет. Мәселен, былтыр Қарақұм ауылында су жаңа мәдениет ошағы қолданысқа берілген. Тағы үш елдімекеннің мәдениет үйіне биыл ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарға енгізіліп отыр. Аталмыш жұмыстар аудан әкімінің жіті бақылауында. Ал «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында ауданда үш спорт нысаны бой көтеріп жатыр. Азат Оралбаевтың айтуынша, құрылыс жұмыстары қазан айында бітіп, қолданысқа беріледі екен. Оның бірі Темірлан елдімекеніндегі екі жүз елу орындық спорт мектебі және спорт кешені. Тағы біреуі Бадам ауылындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорт кешені.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*