Жастар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивтік мінез-құлық, өз-өзіне қол жұмсау және зорлық- зомбылықтың алдын алу мақсатында Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Мақтаарал ауданы, Еңбекші а/о, “Шұғыла”ЖББМ-нің 10 сынып оқушыларымен “Мен және қоғам” атты семинар-тренинг өткізілді.
Мақсаты: өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру қабілетін қалыптастыру, жағымды өмірлік мақсаттарға жету мотивациясын дамыту.
Сонымен қатар, Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің және Мақтаарал ауданының полиция бөлімінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың 5 қыркүйек күні мектеп -акт залында 11-сынып оқушыларына «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында кездесу өткізілді.
Жиынның басты мақсаты – білім беру ұйымдарында қылмыстық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын жүзеге асыру.
Мақтаарал ауданының полиция бөлімінің қызметкері учаскелік полиция инспекторы Құрбанов Ахат құқықбұзушылық профилактикасы бойынша түсіндіру жұмыстарымен қатар заң талаптарын баяндады.
Сонымен қатар көлік ағымының артуына байланысты жолдарда кең таралған электр скутерлері мен мопедтер жолда жүру ережелеріне қауіп төндіруде екендігін және жол қозғалыс ережелері бұзылған жағдайда олардың ата-аналарына еліміздің әкімшілік заңнамасында көзделген жауапкершілікке тартылатындығын ескертті.
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 150-ге жуық мал бордақылау алаңдары жұмыс істейді. Соның бірі – «Құдайберген» шаруа қожалығы. Шаруа қожалықтың иесі Тыстыбай Сырайловтың 2,5 гектар аумақты алып жатқан және құны 120 миллион теңгені құрайтын фермасы бар. […]
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жандос Қалтаевтың қатысуымен 2020 жыл «Еріктілер жылы» аясында атқарылған жұмыстар мен жоспарлар бойынша брифинг өтті. Брифингте басқарма басшысы, ең алдымен, еріктілер жылына […]
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында тасқын су деңгейі едәуір төмендей бастады. Бұл туралы онлайн брифингте облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлімдеді. Жалпы 6128 тұрғыны бар 5 елдімекенді су басқан болатын. Олар: Жеңіс, Жаңатұрмыс, Фирдоуси, Өргебас […]
Пікір қалдыру