Жаңа ауыл ауылдық округі аумағында орналасқан кәріз тазарту жүйесінен (КОС) шығатын жағымсыз иіс бойынша «Жетісай су» МКК тарапынан кәріз жүйелері тазартылып, Жаңа ауыл, Қарой, Ынтымақ, Атақоныс ауылдарының ауыз суының құрылысы өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. 2025 жылға өтпелі нысандарда жүргізілген қазба жұмыстары мердігер тарапынан ретке келтірілуде. Одан бөлек, Ынтымақ елді мекенінің Шойын, Астана, Көрікті, Қалтұрсын қажы көшелері ағымдағы жөндеуден өтсе, Әбдіхалық елді мекенінен жергілікті бюджет есебінен салынған футбол алаңшасы қолданысқа берілген.
Осы және өзге де өзекті мәселелер мен олардың шешілу жолдарын бүгін Жаңа ауыл ауылдық округінің тұрғындарымен өткен кездесуімде бірігіп талқыладық.
Сондай-ақ, Жаңа ауыл елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 11,8 шақырымды құрайтын М.Шаханов, Жоба, Атамекен, Назқоңыр, Жібек жолы, Ақмарал, Бұхар жырау, Қобыланды, Ақдала, Бейбітшілік көшелерінің орта жөндеу жұмыстарын бастауға, Жаңа ауыл елді мекені мен Әз-Тәуке көшесіне түнгі жарықтар орнатуға тиісті қаржылар бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Ал, Қарой елді мекенінен медициналық пункт салу, ағын су науаларын (лоток) ретке келтіру, Б.Майлин атындағы №21 мектебін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, тік дренаждарды қалпына келтіру, Мырзашөл, Атақоныс, Әбдіқалық, Қарой, Жаңа ауыл елді мекендерінде газ құбырының құрылыстары, Атақоныс, Ынтымақ, Жаңа ауыл елді мекендеріндегі жаңа құрылыстарды электр қуатымен жабдықтау және КТП орнату ісі қолға алынған.
Осылайша бірінші жарты жылдықта тұрғындар тарапынан көтерілген 11 мәселенің 7-і нақты жүзеге асса, қалған 4-і орындалу үстінде.
Тұрғындармен өткен кездесуден соң жеке мәселелерімен келгендерді қабылдап, сұрақтарына жауап бердім. Өтініштері мен ұсыныстарын бірге талқыладық. Айтылған өтініштер мен сын-ескертпелер назарға алынып, хаттамаға енгізілді. Тиісті сала басшыларына тапсырмалар бердім.
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында ауданда құрылысы жүргізіліп жатқан білім беру нысандарын аралап, жұмыстардың барысымен, сапасымен танысты. Мердігер мекеме басшыларымен кездесіп, құрылысты жүргізудегі қолбайлау болып отырған мәселелердің шешілу […]
Жетісай ауданында ауыл шаруашылығы саласын тұрақты дамыту, жер ресурстарын тиімді пайдалану және жұмыссыздықты азайту бағытында кешенді жұмыстар атқарылуда. Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен кезекті аппарат мәжілісінде осы мәселелер кеңінен талқыланды. Жиынға аудан әкімінің […]
Жетісай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Түркістан облысының құрылуына 6 жыл толуына орай волейболдан қыздар арасында Түркістан облысының VI спартакиадасы болып өтті. «Бекзат Саттарханов» атындағы спорт кешенінде өткен байрақты бәсекенің […]
Пікір қалдыру