Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етудегі билік органдарының беделін арттыруға, халықты толғандыратын проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндіру бағытындағы Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың кезекті кездесуі Қызылқұм ауылдық округінде жалғасты.
Ағымдағы жылдың І жарты жылдығында өткен кездесулерде тұрғындарды толғандырып жүрген әлеуметтік және өзге де өзекті 9 мәселе көтерілген болатын. Айтылған әрбір мәселе бойынша арнайы іс-шара жоспары жасалып, бірқатар мәселе нақты шешімін тапса, бірқатары шешілу үстінде.
Нақтырақ айтар болсақ, «Жетісай су» МКК тарапынан Жалпаққұм елді мекеніндегі ауыз судың төлем ақысы қайта есептеліп, тұтынылған ауыз судың төлемақысы су есептегіш құралы арқылы төленуде.
Сонымен қатар, Қарасақал елді мекенінде К-30-30А каналына қосымша ағын су беретін электрлі су сорғысы бұзылуына байланысты уақытша СНП-500/10 электрлі су сорғысы орнатылып, жазғы су беру науқанында шаруалар қажетті мөлшерде ағын сумен толық қамтамасыз етілді.
Алғабас ауылындағы Нұрсәуле көшесін жарықтандыру жұмыстарына 1,7 млн теңге қаржы қаралса, Алғабас елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 98,9 млн теңге қаржы қаралып, қазіргі таңда мердігер мекемемен келісім шарт түзілуде.
Ал, Алғабас ауылындағы электр қуатын теңдей тарату бойынша «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС тарапынан реттеліп, Еңбекші елді мекенінен фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылысы жүргізілуде. Қызылту елді мекеніндегі Мақташы, Қосқұдық елді мекеніндегі Мырзашөл, Молшылық елді мекеніндегі Дихан, Алғабас елді мекеніндегі Нұрсауле көшелері мен Асықата-Қарасақал автожолы бойын жарықтандыру жұмыстарын бастауға 7,8 млн теңге бөлінген.
Датқа, Жалпаққұм, Түркебай, Қарасақал, Қызылту елді мекендерінде газ құбырларының құрылысы жүргізілсе, Қосқұдық, Мақталы, Көбек, Сарқырама, Алтын көл елді мекендерінде газ құбырының құрылысына қаржы бөлініп, мердігер мекемемен келісім шарт түзілуде.
Бұдан бөлек, жалпы ұзындығы 4,4 шақырымды құрайтын Ақбұлақ елді мекенінің Сарқырама, Қызылту елді мекенінің Едіге, Мақталы елді мекенінің Жастар, Алтынкөл елді мекенінің Түркістан және Алаш көшелерінің орта жөндеу жұмыстарын бастауға қаржы бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2025 жылға өтпелі.
Кездесу барысында округтегі ұялы байланыс, жайылымдық жер, жолдарды жөндеу, ескірген электр бағаналарын ауыстыру, газдандыру, фельдшерлік-акушерлік пункт салу секілді мәселелерді айтқан тұрғындар сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алысты.
Жетісай қаласындағы сұлулық салондарының бірінде қасын боятқан келіншек өлім құша жаздады — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. 25-наурыз күні сағат 17:00 шамасында Жетісай қаласындағы сауда орталықтарының бірінде орналасқан сұлулық салонында қасын боятқан Құралай Өтегенова есімді […]
Негізгі табысы мен күнкөрісі агросектормен тікелей байланысты Жетісай ауданында биыл 79,3 мың гектар жерге егілген ауыл шаруашылығы дақылдарының 40,8 мың гектарға жуығы мақта дақылы болса, 19,7 мың гектары бақша, 3,4 мың гектары көкөніс, 7,3 мың […]
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасына сәйкес қала, кент, ауылдық округ тұрғындары мен мектеп оқушыларының жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстауға бюджеттерден қажетті қаржылар бөлінген. Жоспарға […]
Пікір қалдыру