Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасымен бүгінде аудандағы мақта терім науқанына қызу дайындық жұмыстары жүргізілуде. Нақтырақ айтар болсақ, 25 мың гектарға жуық жерге дефолиациялау жұмыстары жүргізіліп, 715 дана тракторлардың, 897 дана трактор тіркемелерінің, 61 дана ОВХ мен 232 дана мақта терім машиналарының дайындықтары пысықталған.
Сонымен қатар, ауданның күзгі дала жұмыстарына 1665 тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлініп, «GREENFUEL» ЖШС және ЖК «Әуезов» операторлары арқылы дихандарға 249 теңгеден босатылуда.
Сала мамандарының алдын ала жасаған болжамы бойынша 40,8 мың гектар алқапқа егілген мақта шитінен 105,2 мың тонна ақ алтын алынып, орташа өнімділік гектарына 25,8 центнерді құрайды деп күтілуде.
Мәлімет үшін айта кетейік, аудан аумағында мақта өнімін қабылдаушы 7 мақта өңдеу зауыттары мен 77 мақта қабылдау бекеттері орналасқан. Олардың 45-і Жетісай ауданының мақта өңдеу зауыттарына тиесілі болса, 32-сі көршілес Мақтарал ауданы аумағында орналасқан мақта өңдеу зауыттарының қабылдау бекеттері.
Айта кетейік,
Жетісай ауданында биылғы жылы 79,3 мың гектар жерге егілген ауыл шаруашылығы дақылдарының 40,8 мың гектарға жуығы мақта дақылы болса, 19,7 мың гектары бақша, 3,4 мың гектары көкөніс, 7,3 мың гектары дәндік жүгері мен 6,6 гектар егістігі мал азықтық дақылдары. Егілген ауыл шаруашылығы дақылдарынан 544,5 мың тонна бақша, 88,3 мың тонна көкөніс, 40,3 мың тонна дәндік жүгері мен 99,2 мың тонна мал азықтық өнімдері алынған.
«Алдағы 3 жыл ауылдық аймақтарды барынша дамытуға арналады. Ауылдағы тұрмыстың қаладағы сияқты жайлы болуына күш саламыз. Игерілмей бос жатқан жерлерді мемлекеттің меншігіне қайтару жұмыстарын тың қарқынмен жалғастырамыз. Ауылдық жерлерді дамытудың кешенді тұжырымдамасы қабылданады. Бүкіл елімізде […]
Жыл басынан бері тұрғындарға 167 әлеуметтік тұрғын үйдің кілтін табысталған ауданымызда жыл соңына дейін тағы 90 пәтердің кілтін тапсыру жоспарланып отыр. Нақтырақ айтар болсақ, бүгінде Асықата кентінде 3 қабатты 54 пәтерлі, Қазыбек би ауылдық округі […]
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында биылғы жылдың басынан бері ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылған жұмыстар мен тұрғындардың өтініштерінің орындалуы бойынша Жетісай ауданының әкімі Серік Ұсенұлы Мамытовтың есептік кездесуі Асықата кентінде қорытындыланды. Жиынға аудандық […]
Пікір қалдыру