«Алдағы 3 жыл ауылдық аймақтарды барынша дамытуға арналады. Ауылдағы тұрмыстың қаладағы сияқты жайлы болуына күш саламыз. Игерілмей бос жатқан жерлерді мемлекеттің меншігіне қайтару жұмыстарын тың қарқынмен жалғастырамыз. Ауылдық жерлерді дамытудың кешенді тұжырымдамасы қабылданады. Бүкіл елімізде ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылады. Жеке қосалқы шаруашылықтардың тең жартысы соның құрамына кіреді. Ауыл шаруашылығы саласында 350 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылады. Жалпы, кооперативтерді дамыту үшін бюджеттен 1 триллион теңгеден астам қаражат жұмсалады» деген мемлекет басшысының сөзінен кейін «Ауыл аманаты» пилоттық жобасын жүзеге асыру жер-жерлерде қарқынды қолға алынды.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын агробизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу мақсатындағы өткен жылы аталмыш бағдарламаға Жетісай ауданынан Қарақай, Ж.Ералиев, Қазыбек би және Мақталы ауылдық округтерінің тұрғындары қатысқан болатын.
Жоба арқылы өткен жылы мемлекеттен 7,5 млн теңге несие алып, өз ісін бастаған Қазыбек би ауылдық округі, Қазыбек би елді мекенінің тұрғыны Медеу Орынқожаев бүгінде құрылысқа қажетті заттар өндірісін жолға қойған. Бұған дейін жылдар бойы мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алып келген азамат өзінен бөлек тағы 5 азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Орта есеппен 1 айлық табысы 1 млн теңге. Шикізатты Шымкент қаласынан алдыратын кәсіпкер тапсырыс берушінің сұранысына қарай термопластиктің 100-ден астам түрін шығара алады.
«Ауыл тұрғындарына «Ауыл аманаты» жобасының тиімділігін түсіндіріп, кәсіпкерлікпен айналысуына қолдау көрсетіп отырған мемлекет басшысынан бастап аудан, округ әкімдеріне үлкен алғыс айтамын.
Адам өзі жұмыс істеп, кәсіппен шұғылданбай, іс өнбейді. Бұл ретте «Ауыл аманаты» жобасының берері көп» деген Медеу Орынқожаев өнім түрлерін көбейту мақсатында жуырда Алматы қаласында арнайы оқу курсын тәмамдап, тамызда қосымша жобаларын жүзеге асыруды да жоспарлап отырғанын айтады.
Айта кетейік, өткен жылы «Ауыл аманаты» жобасы аясында округтегі мемлекеттік жәрдемақы мен әлеуметтік көмек алатын 87 азамат жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін бастаған. Бұл өз кезегінде округ тұрғындарының әлеуметтік ахуалының жақсарып, жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне оң септігін тигізері сөзсіз.
Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етудегі билік органдарының беделін арттыруға, халықты толғандыратын проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндіру бағытындағы Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың кезекті кездесуі Қызылқұм ауылдық округінде жалғасты. […]
80 мың гектарға жуық суармалы жері бар Жетісай ауданында биылғы жылы 40,8 мың гектарға жуық жерге мақта, 19,7 мың гектар жерге бақша, 3,4 мың гектар жерге көкөніс, 7,3 мың гектар жерге дәндік жүгері мен 6,6 […]
Жетісай қаласындағы сұлулық салондарының бірінде қасын боятқан келіншек өлім құша жаздады — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. 25-наурыз күні сағат 17:00 шамасында Жетісай қаласындағы сауда орталықтарының бірінде орналасқан сұлулық салонында қасын боятқан Құралай Өтегенова есімді […]
Пікір қалдыру