Жыл басынан бері тұрғындарға 167 әлеуметтік тұрғын үйдің кілтін табысталған ауданымызда жыл соңына дейін тағы 90 пәтердің кілтін тапсыру жоспарланып отыр. Нақтырақ айтар болсақ, бүгінде Асықата кентінде 3 қабатты 54 пәтерлі, Қазыбек би ауылдық округі Қазыбек би елді мекенінде 2 қабатты 16 пәтерлі және Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің Қызыл таң елді мекенінде 2 қабатты 16 пәтерлі арендалық тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Бекітілген жұмыс кестеме сәйкес Қызыл таң елді мекенінде болып, тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарымен таныстым. Кәсіпкермен кездесіп, атқарылған жұмыстардың барысын, сапасын көрдім.
«Құрылыс НҰРТАС» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізіп отырған 2 қабатты 8 пәтерлі 2 тұрғын үйдің жалпы аумағы 960 шаршы метрді құрайды. Мамырда басталған құрылыс жұмыстары қазан айында тапсырылады деп жоспарлап отырмыз. Бүгінде негізгі құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Жүргізілген жұмыстардың сапасына сенімді болу мақсатында отандық өнімдер пайдаланылған. Аталмыш тұрғын үйлердің ауласында талапқа сай балалардың ойын алаңшалары мен автотұрақ та іске қосылатын болады.
Бұдан бөлек «Жайлы мектеп» жобасы аясында Асықата кентінен 900 орындық, Жетісай қаласынан 1500 орындық, Ынтымақ ауылдық округінен 600 орындық мектептердің және 2 амбулатория мен 4 фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысы жүргізіліп жатса, 1 мектеп күрделі жөндеуден, 5 мектеп пен 3 балабақша ағымдағы жөндеуден өтуде. 6 мектептің жылыту қазандықтарын қатты отыннан табиғи газға қосу жоспарланған. Сондай-ақ, Қарақай ауылдық округіндегі Сәтпаев, Жаңа ауыл ауылдық округі Мырзашөл елді мекендеріндегі мәдениет үйлері күрделі жөндеуден өтуде.
2025 жылы Жетісай ауданы ауыл шаруашылығы, әсіресе егіншілік бағыты бойынша Түркістан облысында жетекші орындардың бірін сақтап қалды. Кең әрі құнарлы егістік алқаптары, жақсы дамыған суару инфрақұрылымы және еңбекқор шаруалар ауданды еліміздегі негізгі аграрлық аймақтардың қатарында […]
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың Ш.Ділдәбеков ауылдық округі тұрғындарымен өткен кезекті кездесуінде аудан мен ауылдық округте жасалып жатқан жұмыстардың барысы, алдағы жоспарлары сөз болды. Аталмыш есептік кездесуге Жетісай аудандық мәслихатының төрағасы Медет Қасымов пен […]
Жетісай ауданында заманауи денешынықтыру кешені пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, жас спортшыларға жеңіс пен сәттілік тіледі. Жетісай қаласының орталық саябағында бой көтерген спорт кешенінде көрерменге арналған 150-дей орын […]
Пікір қалдыру