Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында билік пен бұқара арасындағы байланыстың ашықтығын нығайту мақсатында, тұрғындармен тікелей қарым-қатынаста болу үшін бекітілген кестеге сәйкес Атамекен ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді.
Халықты толғандыратын проблемалық мәселелердің шешілу жолдары мен мерзімдерін бірігіп талқылау мақсатында өткен алдыңғы жиында атамекендіктер тарапынан 8 мәселе көтерілген болатын. Тұрғындарды толғандырып жүрген әлеуметтік және басқа да өзекті мәселелердің 4-і бүгінде өз шешімін тапқан болса, қалғандары тұрақты бақылауға алынып орындалу үстінде.
Нақтырақ айтар болсам, ұзындығы 15,5 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар КХ-87 «Кетебай – Қараөзек – Атамекен» автомобиль жолын орта жөндеуден өткізу үшін бюджеттен бөлінген 890 млн теңгеге тиісті жұмыстар жүргізілуде. Нысан 2025 жылға өтпелі.
Жемісті елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 2,3 шақырымды құрайтын Береке, Жастар, Жеңіс, Талапты елді мекеніндегі Еңбекші көшелеріне орта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тиісті қаржы қаралып, бүгінде мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатса, «Мақташы» мектебінің алдына бүгінгі таңда жол кедергілері орнатылған.
Сонымен қатар, биылғы жылы Тыңдала ауылындағы ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеуге 4 млн теңге, Жемісті ауылынан спорт алаңшасын салуға 22 млн теңге, Талапты, Мақташы ауылдарынан футбол алаңшасын салу жұмыстарын бастауға 2,1 млн теңге бөлінген.
Ал, ішкі жолдардың сапасын жақсарту мақсатында Мақташы ауылынан 2 көшені, Қоғалы ауылынан 3 көшені, Әлімбетов ауылынан 1 көшені орта жөндеуден өткізу үшін 96,3 млн теңге қаралған.
Осы және өзге де мәселелер бойынша айтылған өтініштер мен ұсыныстардың жүзеге асырылуын айтып, қойылған қосымша сұрақтарға жауап бердім. Тұрғындардың мәселелерінің ешбірі аяқсыз қалмайтынын, кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын айттым.
Кездесуден кейін округ тұрғындарына жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Жетісай ауданы прокуратурасының үйлестіруімен аудан әкімдігі жанындағы жұмысшы топтың кезекті жиыны өтті. Жиынға аудан прокурорының орынбасары Ырысбек Ерназаров пен аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Сакен Жайлыбаев пен аудандық «Нұғман» орталық […]
Жетісай ауданы – Түркістан облысының ауыл шаруашылығы бағытында қарқынды дамып келе жатқан жетекші өңірлерінің бірі. Суармалы жерлердің молдығы мен диқандардың тәжірибесі аудан экономикасының іргетасына айналған. Соңғы жылдары мемлекет қолдауы мен жеке инвестициялардың арқасында ауыл шаруашылығы […]
Жетісай қаласындағы сұлулық салондарының бірінде қасын боятқан келіншек өлім құша жаздады — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. 25-наурыз күні сағат 17:00 шамасында Жетісай қаласындағы сауда орталықтарының бірінде орналасқан сұлулық салонында қасын боятқан Құралай Өтегенова есімді […]
Пікір қалдыру