Шымкент-қызғалдақтар мекені

Шымкент – қызғалдақтар мекені Қызғалдақ десе, көз алдымызға Шымкенттің елестейтіні заңды құбылысқа айналып келеді. Оған дәлел Шымкенттің шырайын ашып тұрған қызғалдақтар десек қателеспейміз. Әлбетте, Шым қаланың символына айналған қыр гүлінің бүгінде 300 мыңнан астамы жергілікті тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап жатыр.

Мамандар Польшадан әкелінген қызғалдақтың тұқымы қаңтар айында отырғызылған болатын. Олардың айтуынша, қызғалдақтың тұқымын қыста отырғызу қалыпты тәжірибе, өйткені қызғалдақ тұқымы қар астында жайлы сезінеді.

Бүгінде қызғалдақтар жерсініп, көктем көкігін бүркігеннен бастап, қаладағы субұрқақ кешендері мен көшелерін әдемі түске бояуда. Сала мамандарының айтуынша, бұл қызғалдақтар ерте көктемде 15 күн ғана қалалықтарды қуанышқа бөлейді. Мерзімі өтісімен оның тұқымы қазылып алынады және арнайы жерде сақталып, осы мезгілде қайта егіледі екен.

Ал, қызғалдақтың орның жаздық гүлдер басатын болады. Сондай-ақ, ежелгі парсы аңыздарының мақтанышына айналған қыр гүлін Шым қаланың кез-келген жерінен кездестіру үйреншікті жағдайға айналады. Әрі дәстүрге айналады деген ойдамыз.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*