Шымкентте 16 қабаттан тұратын тұрғын үйлер салынбақ

Көптен бері көпшіліктің көкейінде жүрген «Шымкентсити» қала шырайына ажар қоспақ. Әне-міне дегенше, жаңадан іргетасы қаланып жатқан қалашықтағы көлемі 49 га құрайтын саябақта 316 көпқабатты үй бой түземек. Бүгінде «Шымкентсити»-де әрқайсысы 54 пәтерден тұратын 10 үйдің инженерлік коммуникациялық жұмыстары және көше құрылысы қарқын алған деуге болады.

«Үйлер беріктігі жағынан жоғары санатты құрамалы темірбетонды контрукциялардан бой көтеретін болады. Бұл – коммуналды үйлер. Осы жылы бес көпқабатты үйдің құрылысын бітіреміз деп жоспарлағанымызбен, баспаналардың пайдалануға беру уақыты коммуникациялық қажеттіліктердің барлығы орналастырылып болғаннан соң ғана, 2018 жылға келісілген», — деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Н.Көшеров.

Сонымен қатар, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында іске асырыл қалашық аумағындағы коммуникациялық жұмыстары қарқын алған. Жоспар бойынша жұмыстарды биыл аяқтап, келесі жылы пайдалануға беру көзделіп отыр. Ал, жолдардың басым бөлігі осы жылы толықтай аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілетін болады. Айта кетерлігі, 9, 12, 16 қабаттан тұратын баспаналарда тұрғындарға 7 мектеп, 21 балабақша қызмет етіп, қажетті барлық жағдай жасалынады екен.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*