«Шымкент арена» спорт кешенінде кездескенше!

Шымкент қаласындағы Бәйдібек би ескерткішіне таяу маңынан орын тепкен «Шымкентсити» қалашығы заманауи инфрақұрылыммен, әлеуметтік нысандармен, бизнеске қажетті қолайлы жағдайларымен ерекшелене түспек.

Жалпы көлемі 427 гектарды алып жатқан қалашықта 70 мыңға жуық тұрғынның тұруына жағдай жасалады. Айта кетерлігі, 3500 көрерменге арналған кино концерт залмен жоғары талғамдағы спорт кешенің осы жерден кездестіуге болады. Бұл жоба — Шымкенттің 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы аясында іске асырылып отыр. Сонымен қоса, жанға жайлы қажеттіліктің бәрі қарастырылып, жергілікті тұрғындардың бой сейілтетін орындары бой көтеретін болады. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтың айтуынша, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында қалашықта 3500 көрерменге арналған кино концерт залы, «Шымкент-арена» спорт кешені және бизнес орталықтың құрылысын салу да көзделіп отыр екен. Яғни, аталмыш құрылыс жұмыстары қарқын алатын болса, жаңа нысандармен қауышатын күн алыс емес. Ал, аяқжолдар мен велосипедтерге арналған көшелер коммуникациялық қажеттіліктердің жүргізілуіне байланысты келесі жылы толығымен аяқталатын болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*