Шымкенттегі Орталық саябақта 25 қазан – Республика күніне орай «Fitness park kz» жобасы аясында «Салауатты отбасы – салауатты қоғам» атты отбасылық сайыс өтті.
Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өткен сайысқа қала тұрғындары арасынан он команда қатысып, өзара бақ сынасты. ⠀
⠀
— Қимыл мен ептілікті жетілдіретін спорттық жарысқа «Достық», «Жігер», «Қазақ арландары», «Әскер», «Жалын», «Заңғар», «Алаш», «Алау», «Арыстан», «Бірлік» тобынан құралған жанұя қатысты. Талап бойынша бір топта төрт адам болды. Сайыс – шармен секіру, су тасу, кір қыстырғыш жинау, жұмыртқаны жарып алма, көңілді доптар, қаппен секіру, орныңнан тұрып ұзындыққа секіру ойындарынан құралған. Тапқырлық танытып, ептілік көрсете білген команданы қазылар алқасы бағалады, – деді Жастар ресурстық орталығының Әл-Фараби ауданындағы бөлім басшысы Қайыржан Бөгенбай. ⠀
⠀
Байқаудың қорындысы бойынша «Қазақ арландары» командасы жеңімпаз атанып, жүз мың теңгелік сыйлыққа ие болды. Екінші орынды «Достық» жанұясы алса, үшінші орын «Арыстан» тобына бұйырды. Одан бөлек, барлық команда арнайы дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетейік, дәл осындай сайыстар тек денсаулыққа оң әсерін беріп қоймай, бірлік пен татулықтың көрінісін береді. Отбасы институтын қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды жаңғырту, жас отбасылардың қоғамдағы рөлін арттыру қоғамның реттілікпен қалыптасуына үлкен септігін тигізеді.
Грекия елінің Корфу қаласында 10-14 қазан күндері ересектер арасында гір тасын көтеру спортынан әлем чемпионаты өтті. Жаһандық додада Түркістан облысының саңлақтары 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль қанжығалады. Жұлқи көтеру әдісінде 63 келіде […]
Әні, міне дегенше 25 қазан — Республика күні де жақындап қалды. Сүйікті Отанымызға айтар кеп көп, тілек көп. Барша Отандастарымызды осынау мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Боксқа кешегі, бүгінгі өлшеммен қарағанда өте кеш келдім. Жасөспірімдер […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияда өтетін XXV Қысқы Олимпиада ойындары мен XIV Қысқы Паралимпиаданы Қазақстан үшін айрықша маңызы бар халықаралық дода деп атады. Президенттің айтуынша, бұл бәсекелер – спортшылардың ғана емес, тұтас елдің әлеуетін әлемге […]
Пікір қалдыру