ШЫМКЕНТТЕ 40-тан АСТАМ ПАЛАУ ТҮРІ ДАЙЫНДАЛДЫ

Шымкентте дәстүрлі «Достық дастарханы» халықаралық палау фестивалі биыл тағы да жалғасын тапты. Қазақстан халқы ассамблеясы және «Дустлик» қауымдастығы, Өзбек этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан шарада Қазақстаннан және көршілес елдерден келген 43 аспаз өз шеберліктерін көрсетті. Фестивальге аудан әкімдері, қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары, балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты.
– Дастархан — берекенің бастауы. Сондықтан да бүгін мерекеге орай қаншама ұлттардың басын бір дастарханда біріктіріп, достықтың, ынтымақтастықтың үлгісін көрсетіп отырмыз. Фестивальде үздік аспаздарға номинациялар, сыйлықтар беріледі. Әділ қазылар алқасы әр палаудан дәм татып, өз басағысын береді. Бірақ бұл жолы жүлделі орын белгілемейміз. Аспаздар бірінен бірі өтеді, — деді Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Тахирбек Нишанбаев.
Шара аясында Өзбекстан,Тәжікстан,Қырғызстан елдерінен,Тараз, Алматы, Түркістан қалалары мен басқа да өңірлерден 43 аспаз палауын әзірледі. Одан бөлек «Мейірім» қоғамдық қоры балалар үйінің тәрбиеленушілері мен аз қамтылған отбасыларына 100 келі палау таратты.
— Бүгін мұнда балаларымды алып келдім. Өзім көпбалалы анамын. Мұндай шара әртүрлі ұлттардың достығының көрсеткіші деп білемін. Ұйымдастырушыларға үлкен рахмет айтамын. Палаудың дәмі тіл үйіреді. Елімізде молшылық болсын, бірлігіміз ажырамай, тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын, – деді сайрамдық тұрғын Шарафат Пахриддинова
Қатысушылардың барлығы алғыс хатпен марапатталып, сый-сыяпатқа ие болды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*