Бүгін Шымкентте мереке қарсаңында «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті.
Шараға қала әкімі аппаратының қызметкерлері, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, әкімдікке қарасты барлық салалық басқармалардың, аумақтық органдардың, мемлекеттік және жеке меншік мекемелердің қызметкерлері, кәсіпкерлер, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері мен ерікті жастар қатысты. Сенбілікке жиылғандар бес аудан территориясында өздеріне белгіленген аумақтарды қоқыстардан, күзгі жапырақтардан тазартты. Соның ішінде Қаратау ауданы әкімдігі аймағына қарасты А.Асқараов атындағы дендрологиялық саябақты тазартуға 1000 нан аса адам жұмылдырылды.
— Дендрологиялық саябақ — қаламыз үшін маңызды аумақ. Аймақты тазартуға қызметкерлерден бөлек 500-дей студенттер мен оқушылар қатысып отыр. Олар саябақ ішіндегі орындықтарды, бордюрларды сырлайды. Жүйелі түрде ұйымдастырылып келе жатқан сенбілік жақсы дағды болып қалыптасуы қажет, –деді Қаратау ауданының әкімі Р.Мүлкеманов.
Саябақтағы сенбілікке жиылғандар ағаштарды күзеп, қураған бұталарды қырқып, күзгі жапырақтарды жинады. Ерікті студенттер мен оқушылар шараға апта сайын қатысып келе жатқандығын айтады.
— Сенбілікке мұғалімдерімізбен бірге келдік. Бізге бояу мен щеткаларды бөліп берді, қазір бодюрларды сырлап жатырмыз.Сенбілік шарасы жақсы бастама. Қаланың көркіне, тазалығына атсалысу өзіме ұнайды.Сондықтан апта сайын қалмай келіп, қатысуға тырысамын, — деді ОҚМА- ның студенті Ақжүніс Хайтмамбетова
Айта кетейік, тазалық акциясы қазан-қараша айларында жалғасады.
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жандос Қалтаев 2020 жыл «Еріктілер жылы» аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Бұл ретте басқарма басшысы еліміздегі карантиндік жағдайға байланысты жол картасында қарастырылған […]
Бүгін Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездесуде 89 жастағы ақсақал Өркен Әбдіреев қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің назарын «Фосфоршылар» сарайының бүгінгі ахуалына аударды. Тыл және еңбек ардагерінің ұсынысын ескерген қала басшысы нысанға арнайы барып, жағдайымен танысты. Аталған нысан […]
Шымкент қаласындағы «Shymkent Plaza» ойын-сауық орталығында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күнделікті еңбегін, олардың қоғам тыныштығын қамтамасыз етудегі жанқиярлығын көрсетуге арналған «Заң мен Тәртіп» атты фотокөрме ұйымдастырылды. Көрме экспозициясында құқық қорғаушылардың көшелерді патрульдеуі, қоғамдық тәртіпті күзетуі, […]
Пікір қалдыру