Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясы мүшелері «Мақтаарал аудандық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілімен бірлесе, дауыс беруге арналған үй-жайларда мүгедектігі бар адамдар үшін жасалған жағдайларға зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Бұл шараның негізгі мақсаты дауыс беру учаскелерде ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беру белсенділігін арттыру болып табылады.
Мақтаарал ауданы бойынша референдумда дауыс беру құқығына ие мүгедектігі бар азаматтар саны – 3626 құрайды. Олардың ішінде дауыс беру кезінде ерекше қажеттілікке ие азаматтар саны – 1299 (кресло-арбаны пайдаланатындар – 110, көруі бойынша – 781, естуі бойынша – 408). Олар аудандағы 62 учаскенің 59-ның дауыс берушілер қатарында бар.
Мақтаарал ауданы бойынша жалпы 62 референдум учаскелері дауыс беруге құқығы бар азаматтарға қызмет етеді және барлық учаскелерде ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың қолжетімділігі қамтамасыз етілген.
Аудандағы 62 учаскенің барлығы «Қолжетімді орта» интерактивті қолжетімділік картасына енгізілген. Барлық учаске пандустармен, тактильді жолдармен, мүгедектігі бар азаматтардың автокөлігін қоюға арналған тұрақтармен қамтамасыз етілген. Дауыс беруге арналған үй-жайларда тактильді көрсеткіштер, дауыс беруге арналған арнайы кабиналар орнатылған. Мүгедектігі бар азаматтарға арналған орын қарастырылып, компьютер, құлақаспап, лупа, жарық шамдармен т.б. жабдықталған.
Сурдоаудармашылар тартылған учаскелер саны – 11. Сонымен қатар, дауыс беру күні 3 инватакси, 4 әлеуметтік такси қызметі ұйымдастырылған.
Спорттың адам өмірінде, жалпы қоғамда алатын орны зор. Спортпен айналысқан адам тек шымыр болып қана қоймай, денсаулығы мықты, сымбатты болары анық. Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімі “Жастар орталығы” КММ және Жетіген спорт мектебінің ұйымдастыруымен Грек […]
Шымкент қаласының тұрғындары Сыздықовтар отбасысы республикалық референдумға қатысты. «Мерейлі отбасы 2024»байқауының жеңімпаздары жанұяның татулығы мен бірлігін тағы бір көрсетті. «Ел болам десең бесігіңді түзе» дегенді ұстанатын ақсақал Анарбай Сыздықов ұл-қыздары және немерелерімен келіп дауыс берді. […]
Елімізге белгілі боксшы, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков атом электр станциясының құрылысы жөнінедегі республикалық референдумға қатысып, дауыс берді. Даңқты спортшы Қазақстанның болашақта орнықты түрде дамып, өсіп-өркендегенін қалайтынын, сондықтан осы жолда еліміздің ауқымды энергетикалық дағдарысқа […]
Пікір қалдыру