Қазір – ақпараттық технологиялар дәуірі. Демек, бұл саланы кім терең меңгеріп, озық нәтижелерге қол жеткізсе, оның ғаламдық аренадағы орны төр болмақ. Түркістан қаласының «Яссы» тұрғын алабы үй жағдайындағы интернет желісімен қамтылуда. Бұл сектордың тұрғындары енді озық GPON технологиясының арқасында жоғары жылдамдықты интернетті, цифрлық теледидарды және жоғары сапалы ұялы байланысты пайдалана алады. «Beeline» компаниясының жаңа технологиясы абоненттеріне қазірдің өзінде қолжетімді.
– Қазіргі уақытта «Яссы» және «Отырар» тұрғын үй алаптарындағы жеке секторларды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ 2025 жылдың соңына дейін Түркістан қаласының барлық жеке секторларын толық қамту жоспарланып отыр. Қаржыландыру жекеменшік инвесторлардың есебінен жүзеге асырылады. Басқарма тарапынан инфрақұрылым мәселелері бойынша қолдау көрсетуге дайынбыз, – дейді Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков.
«Beeline» компаниясының Түркістандағы тіркелген байланыс бизнесін дамыту бөлімінің басшысы Ержан Қошмаханбетовтың айтуынша, GPON технологиясының негізгі артықшылықтарының бірі – оның тұрақты деректерді беру жылдамдығы, сондай-ақ, сыртқы кедергілерден қорғалуында. Соның арқасында интернет, тіпті, шалғай елді мекендерде де жылдам әрі бірқалыпты жұмыс істейді. Технология деректерді оптикалық талшық арқылы 1 Гбит/с жылдамдықпен жіберуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, бүгінде Түркістанда «Яссы» және «Отырар» тұрғын алабындағы 8 мыңнан астам тұрғыны бар 2 мыңға жуық үй аталған технологияға қосылған.
Түркістан қалалық сәулет бөлімінің басшысы Мұхит Көшеновтің төрағалығымен өткен ұжымдық мәжілісте қала басшысының хаттамалық тапсырмаларының орындалу деңгейі жан-жақты талқыланды. Мәжіліске қатысушылар шаһардағы заңсыз орналастырылған нысандар мен ретсіз ілінген жарнамалардың қазіргі ахуалын саралап, олардың келбетін жақсарту […]
«Түркістан қаласының балалар қолөнер мектебі» 2024 жылы 10 жылдық мерейтойын атаулы түрде атап өтті. 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында өткен шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, қалалық мәслихат […]
Түркістан облысынының орталығы Түркістан қаласы мәдениет пен туризмнің орталығына айналып келеді. Ресми мәліметтерге сүйенсек, жыл басынан бері өңірге жалпы 500 мыңға жуық адам келген. Бұл көрсеткішті өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда қалаға келушілердің саны 104,0%-ға өскенін […]
Пікір қалдыру