Түркістанның тазалығы – басты назарда! Осы ретте қаладағы 875 көше 3 кезекке бөлініп тазаланады. 1-кезектегі 112 көше күнделікті, 2-кезектегі 342 көше аптасына 2-3 рет, ал 3-кезектегі 421 көше аптасына 1 рет тазартылып отырады.
Шаһардағы тазалық жұмыстары бойынша 2 мекеме қызмет атқарады. Олар «Түркістан – жарық тазалық» ЖШС және «Жасыл қала – green city» ЖШС.
«Түркістан – жарық тазалық» мекемесі қаланың 160 көшесінің тазалығына жауапты. Онда 340 қызметкер жұмыс істейді және 36 техникамен қамтылған.
Ал, «Жасыл қала – green city» мекемесіндегі 80 қызметкер мен 12 техника шаһардағы 258 көшенің таза болуына атсалысып келеді. Қалған көшелердің тазалығына 6 сектор бойынша 7 жеке кәсіпкер бекітілген.
Сондай-ақ, төлем жүргізілетін тұрғындардың үлесі 75 %-ға жетіп отыр.
Қазіргі таңда қала аумағында ортақ пайдалану орындарын ластау, абаттандыру қағидатын бұзу, жол жабындысын бүлдіру бойынша 8 099 хаттама толтырылып, 100,4 млн.теңге айыппұл салынды.
Түркістан қаласында көгалдандыру бағытында өткен жылы жүйелі жұмыстар атқарылды. 2023 жылдың көрсеткіші бойынша шаһарға 314 мың дана ағаш көшеті отырғызылды. Сонымен бірге қаланың орталық алаңдары мен скверлерін абаттандыруға айрықша назар аударылды. Мәселен, қала көшелері, саябақтары, скверлері, аллеялары мен гүлзарларда 62 мың дана түрлі көпжылдық және бір жылдық гүл көшет егілді. Сондай-ақ 379 гектар аумақта ағаштарды дәрілеу өңдеу тыңайтқыштармен қоректендіру жұмыстары жүргізілсе, 17 925 дана ағашқа санитарлық және авариялық кесу жұмыстары жүргізілді. Қаладағы 62 саябақ, сквер, аллеядағы кіші сәулет мүсіндері мен саябақ құрылыстары (орындық, жарықшамдар, мүсіндер т.б) аяқжолдар мен балалар ойын алаңдары боялып, қайта қалыпқа келтіру жұмыстары атқарылды.
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының «Сауран» және «Бекзат» секторы тұрғындарымен кездесуіне жүздеген адам жиналды. Қала басшысы тұрғын алаптардағы электр желісі, кәріз жүйесі, көгалдандыру, қоғамдық көлік пен білім саласына қатысты бірқатар мәселелерді тыңдады. Кездесуге жауапты қала […]
Түркістанда шахматтан ашық аспан астында біріншілік өтті. Сайысқа шахмат үйірмесінің 2-3 санаттағы жас спортшылары қатысты. Жалпы интеллектуалды ойында 40 оқушы бақ сынады. Жас шахматшыларды төрешілер алқасы қадағалады. Айта кетейік, таза ауада, яғни, «Жеңіс» саябағында өткен […]
Түркістан қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубы» 2021 жылы жұмысын бастаған болатын. Клуб жұмысын бастағалы бұқаралық спортты дамытуда бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Тұрғындардың қатысуымен «Денсаулыққа қарай 10000 қадам», «Спорт- Денсаулық кепілі» сынды бүкілхалықтық жүгіру марафондары […]
Пікір қалдыру