Қазір – ақпараттық технологиялар дәуірі. Демек, бұл саланы кім терең меңгеріп, озық нәтижелерге қол жеткізсе, оның ғаламдық аренадағы орны төр болмақ. Түркістан қаласының «Яссы» тұрғын алабы үй жағдайындағы интернет желісімен қамтылуда. Бұл сектордың тұрғындары енді озық GPON технологиясының арқасында жоғары жылдамдықты интернетті, цифрлық теледидарды және жоғары сапалы ұялы байланысты пайдалана алады. «Beeline» компаниясының жаңа технологиясы абоненттеріне қазірдің өзінде қолжетімді.
– Қазіргі уақытта «Яссы» және «Отырар» тұрғын үй алаптарындағы жеке секторларды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ 2025 жылдың соңына дейін Түркістан қаласының барлық жеке секторларын толық қамту жоспарланып отыр. Қаржыландыру жекеменшік инвесторлардың есебінен жүзеге асырылады. Басқарма тарапынан инфрақұрылым мәселелері бойынша қолдау көрсетуге дайынбыз, – дейді Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков.
«Beeline» компаниясының Түркістандағы тіркелген байланыс бизнесін дамыту бөлімінің басшысы Ержан Қошмаханбетовтың айтуынша, GPON технологиясының негізгі артықшылықтарының бірі – оның тұрақты деректерді беру жылдамдығы, сондай-ақ, сыртқы кедергілерден қорғалуында. Соның арқасында интернет, тіпті, шалғай елді мекендерде де жылдам әрі бірқалыпты жұмыс істейді. Технология деректерді оптикалық талшық арқылы 1 Гбит/с жылдамдықпен жіберуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, бүгінде Түркістанда «Яссы» және «Отырар» тұрғын алабындағы 8 мыңнан астам тұрғыны бар 2 мыңға жуық үй аталған технологияға қосылған.
ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, биылғы жылдан бастап Түркістан қаласын жасыл қалаға және ауа-райын қолайлы климатқа айналдыру мақсатында Түркістан қаласының айналасында «Жасыл белдеу» қалыптастыру жұмыстары жүруде — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Осыған орай, облыс әкімдігінің […]
27 қазан күні «Turkistan Marathon» шарасының өтуіне байланысты, таңғы сағат 7:30-дан 14:20-ға дейін марафон қашықтығы өтетін жерлерде жол қозғалысы ішінара жабылады. Түркістанның әдемі тарихи орындарында 3000 адам жүгіреді. Сөре мен мәре visit Center Turkistan маңында […]
Грекия елінің Корфу қаласында 10-14 қазан күндері ересектер арасында гір тасын көтеру спортынан әлем чемпионаты өтті. Жаһандық додада Түркістан облысының саңлақтары 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль қанжығалады. Жұлқи көтеру әдісінде 63 келіде […]
Пікір қалдыру