Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімовтың төрағалығымен өткен жиынға прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және басқа да бақылау-қадағалау органдарының, кәсіпкерлер палатасының, салалық басқармалар мен аумақтық департаменттердің басшылары, кәсіпкерлер қатысты.
Қала басшысының орынбасары жыл сайын өткізілетін ауқымды жиынның мақсаты – ҚР заң талаптары бұзылуының алдын алу, кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру екеніне тоқталды.
«ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жылына бір рет Бірыңғай есеп күні өткізіледі. Былтырғы кездесуде айтылған ұсыныстар жүзеге асырылуда. Мұндағы мақсатымыз – ҚР заң талаптарын бұзудың алдын алу, кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру. Және мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастық арасындағы байланысты нығайтады», – деді Айдын Мейрамбекұлы.
Жиын барысында мемлекеттік органдардың басшылары 8 айда атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасап, кәсіпкерлер тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді.
Шымкент қалалық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сапарбек Ешанқұлов тиісті жұмыстар нәтижесінде ашықтыққа ұмтылған кәсіпкерлер саны артқанын айтып, нәтижесінде бюджетке түсімдер көбейгеніне тоқталды.
«Өздеріңізге белгілі, жыл басынан бері жан-жақты жұмыс жүргізу нәтижесінде Шымкент қаласының бөлшек салық мөлшерлемесі 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендетілді. Оған қоса өзін өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимін қолдану жеңілдетілді. Сонымен қоса салық берешегін мәжбүрлеп өндіру барысына өзгеріс енгізілді», – деді Сапарбек Ешанқұлов.
Қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов бөлшек салық мөшлермемесінің екі есеге төмендегені бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтуді ұсынды.
Во время встречи с жителями города Шымкента, особенно в районе Аль-Фараби, аким города Габит Сыздыкбеков обсудил вопросы охраны природы и улучшения экологии города, в частности, необходимость увеличения числа аллей и парков. Эти предложения от горожан […]
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын жүзеге асыру аясында Шымкентте «Таза Қазақстан» жобасына тұрақты түрде қолдау көрсетілуде. Полиция қызметкерлері әкімдік қызметкерлерімен бірлесе отырып, қоғамдық орындарды ластаушы тәртіп бұзушыларды анықтап, жауапкершілікке […]
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте коммуналдық қалдықтарды басқарудағы өзекті мәселелер, жаңа жұмыс орындарын құру жоспарының қорытындысы мен санитариялық-эпидемиологиялық ахуал талқыланды. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ә. Оңғар тақырып аясында баяндама […]
Пікір қалдыру