Түркі елінің астанасы — Түркістан қаласына келушілер саны жыл санап артып келеді. Осы ретте, келушілер назарын аударатын қаланың сәулеті мен кіреберіс аумақтарды абаттандыру үлкен маңызға ие.
Бүгін қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы шаһарға кіреберіс аумақтарды аралап, тазалық пен абаттандыру жұмыстарының барысын қадағалады.
Алдымен, қала басшысы «Яссы» секторында орналасқан саябақ, Кентау, Қызылорда және Алматы тас жолдарының бойындағы қалаға кіреберіс аумақтардың абаттандыру жұмыстарымен танысты.
Қала сәулеті мен тазалығына баса назар аударған Әзімбек Пазылбекұлы, аталған аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, Полиция департаментінің өкілдеріне заңсыз салынған кәсіпкерлік нысандары мен қала тұрғындарына келеңсіз жағдай туындататын автотұрақтардан тазалауды тапсырды.
Осы күні Әзімбек Пазылбекұлы Қолөнер орталығының құрылыс алаңында болып, жұмыс барысымен танысты.
Киелі шаһарда қолөнершілердің әлеуеті зор екенін тілге тиек еткен қала басшысы жұмысты ширатуды тапсырды.
Елімізде теңдесі жоқ туристік кешеннің жалпы алаңы – 2,56 га. Қолөнершілер қалашығы 25 архитектуралық нысаннан тұрады. Қазіргі таңда құрылыс алаңында жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен Түркістан қаласын қолөнершілер орталығына айналдыру бағытында ірі жобалар қолға алынған. Қаланың мәдени-рухани орталығында қолөнершілер қалашығы бой көтеріп жатыр. Жаңа қалашықта ұлттық нақыштағы бірегей қолөнер бұйымдарын даярлайтын, даярлау технологиясын оқытатын ірі қолөнер шеберхана, қонақүйлер мен ас үйлер салынбақ. Осы ерекше жоба арқылы өңірге туристерді тарту, кәсіпкерлікті дамыту, қолөнершілерге қолдау көрсету, жұмыс орындарын ашу, ұлттық бренді қалыптастыру көзделіп отыр.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келушілердің жайлылығы үшін кіру билеттерін сайт арқылы онлайн сатып алу және Кесене аумағында орналасқан терминалдар аркылы билеттер алып, турникеттерге QR-код скан арқылы кіру мүмкіндігі енгізілді. Жаңа жүйені алғашқы болып облыс басшысы […]
Түркістан қаласында волейболдан 2008-2009 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында Түркістан облысының чемпионаты басталды. Спорттық сайысқа өңірден 12 команда 170-ке жуық волейбол шебері қатысып, бас жүлдеге таласуда. Жарыстың алғашқы күні екі топ бойынша мықтылар анықталып, ертең […]
Елімізде жарияланған төтенше жағдай кезеңінде де Түркістан қаласында сақтық шараларын қатаң сақтай отырып құрылыс жұмыстары қарқыны бәсеңдеген емес. Облыс орталығында бой көтерген Басқармалар ғимараты, Департаменттер ғимараты, Конгресс орталығында құрылыс аяқталып келеді. Ішкі әрлеу, инженерлік желілерін […]
Пікір қалдыру