Түркістан облысындағы барлық аудан орталықтарында референдум күні жәрмеңкелер ұйымдастырылуда. Тұрғындар азық-түлік өнімдері мен көкөністерді нарықтық бағадан 15-20% төмен бағада сатып алып жатыр. Өңір шаруалары өз өнімдерін жұртшылыққа арзан бағада ұсынып, ел алғысына бөленуде.
Айта кетейік, дауыс беру — азаматтардың тұрғылықты жері бойынша референдум учаскелерінде өтеді. Учаскелер 07:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. Азаматтар жеке куәлігін не төлқұжатын көрсету арқылы дауыс бере алады.
«ЮКМЗ» АҚ – Қазақстандағы ең ірі машина жасау зауыттарының бірі. Кәсіпорын 2000 жылы бұрынғы КСРО аумағында ішкі және сыртқы нарыққа жоғары сапалы машина жасау өнімдерін ірі жеткізушілердің бірі ретінде танымал «Манкентсельмаш» ААҚ негізінде құрылған. Аталған […]
Табиғаты тамаша Түлкібаста бүгінде өндіріс орындарыны қатары артып келеді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданына сапарында бірнеше өндіріс ошақтарын аралады. Өңір басшысы жұмысын жандандырған жергілікті кәсіпкермен кездесті. «Стас и К» өндірістік кооперативі 2004 жылдан […]
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 150-ге жуық мал бордақылау алаңдары жұмыс істейді. Соның бірі – «Құдайберген» шаруа қожалығы. Шаруа қожалықтың иесі Тыстыбай Сырайловтың 2,5 гектар аумақты алып жатқан және құны 120 миллион теңгені құрайтын фермасы бар. […]
Пікір қалдыру