Түркістан облысында дауыс беру учаскелерінде спорттық ойындардан жарыстар өтіп жатыр. Мәселен, Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде орналасқан №197 дауыс беру учаскесінде науқанға қатысушылар арасында үстел теннисі, дойбы, қол күресі, тоғызқұмалақ ұлттық ойындардар жарыс ұйымдастырылды. Республикалық референдумға өз таңдауын жасауға келген дауыс берушілер ойынға белсене қатысып, викториналық сұрақтарға жауап берді. Жеңімпаздар анықталып, сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, Отырар ауданында арқан тартудан сайыс ұйымдастырылып, белсенділік танытқан азаматтар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетейік дауыс беру — азаматтардың тұрғылықты жері бойынша дауыс беру учаскелерінде өтеді. Учаскелер 07:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. Азаматтар өз басын куәландыратын құжат арқылы дауыс бере алады. Айта кетейік, бүгін облыс бойынша қоғамдық көліктер тегін қатынайды.
Судан зардап шеккен Мақтаарал ауданына Түркістан облысының бір топ депутаттары 11 миллион теңгенің гуманитарлық көмегін жеткізді. «Nur Otan» партиясының республикалық «Біз біргеміз» акциясы аясында ұйымдастырылған көмек 11 жүк көлігіне тиелген. Азық-түлік пен көрпе-төсек, киім кешек, […]
Түркістан облысының құрылғанына 7 жыл толды. Облыс орталығы – Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы қабылданған заң өңірдің әлеуметтік-экономикалық өрлеуіне жаңа серпін берді. Экономиканың басты көрсеткіші — жалпы өңірлік өнім көлемі 7 жылда 2,6 есе […]
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Өзбекстаннан келген «U-UMAX Group» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізіп, инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылады. Кездесудің басты мақсаты – Түркістан облысы мен Өзбекстан арасындағы экономикалық әріптестікті нығайту, өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру […]
Пікір қалдыру