Кеңес дәуірінің сәулет өнерінің туындысы болғанына қарамастан, жеке меншікке өтіп кеткен мәдениет ордасы ұзақ жылдар бойы қараусыз қалған. Материалдары талан-тараж болып, ғимарат конструкциясына орасан зақым келтірілген. 2023 жылдың қараша айында коммуналдық меншікке өткеннен кейін сарапшылар сарайдың жай-күйін зерделей келе, нысанды қалпына келтіру мүмкін еместігіне көз жеткізді. Сондықтан 1975 жылы салынған Мәдениет сарайының ғимаратын бұзу туралы шешім қабылданды.
Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері бірігіп, «Фосфоршылар сарайының» ғимаратына қатысты қабылданған шешім бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ескі ғимараттың орнына нысанның тарихи келбеті сақталып, заманауи мәдениет сарайы салынады. Құрылысымен «Сәби» қайырымдылық қоры айналысатын болады. Бұл жұмыстарды күзде бастау жоспарлануда. Қордың тапсырысы бойынша мәдениет сарайының дизайн-жобасы әзірленді.
Ғимарат көркем ромб пішінде, ою-өрнектермен көмкеріліп, тарихи, заманауи нақыштардың эстетикалық үйлесімімен бой көтереді. Мәдениет сарайында өнер, кәсіп дағдыларына бағытталған үйірмелер іске қосылады.
Қала көркін арттырып, тұрғындарға пайдалы қызмет көрсетітетін орталық аумағы абаттандырылып, сарайдың маңына жасыл желек отырғызылады. Жобада субұрқақтар мен аллеялар, балалар және спорт алаңдары қарастырылған.
Елімізде төтенше жағдай жарияланған күннен бастап қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен бірінші кезекте азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселесі жіті бақылауға алынды. Бұл мақсатқа қажетті қаржы бөлінді. Мемлекет бекітіп берген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты […]
Шымкент қаласында қазір тәулігіне 50 мың текше метр су өңдейтін жаңа кәріз тазалау ғимаратының құрылысы жүріп жатыр. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков аталған нысанға барып, құрылыс жұмыстарымен танысты. Шымкент қаласында қазір тәулігіне қуаттылығы 150 мың текше […]
Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Текебаева, №80 жалпы орта мектеп директоры бұрын монша болған ғимаратта балаларды оқытқаны үшін тәртіптік жазаға тартылатынын айтты — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Шымкент қалалық ақпараттық коммуникациялық […]
Пікір қалдыру