Айгүл Текебаева: «Мектеп директоры жазасыз қалмайды»

Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Текебаева, №80 жалпы орта мектеп директоры бұрын монша болған ғимаратта балаларды оқытқаны үшін тәртіптік жазаға тартылатынын айтты — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.

Шымкент қалалық ақпараттық коммуникациялық орталықта журналистерге берген брифинг барысында Айгүл Қалыбайқызы жіберілген олқылықта басқарманың да кінәсі бар екенін мойындады.

«Бұл жерде мекеме басшысының да кінәсі бар. Сол жалға беруші азаматқа сеніп, өзінің шәкірттерін сол жаққа алып барған. Иә, басшы жазасыз қалмайды. Өйткені, заң талабы бар. Бұл жерде жанашырлық немесе адами фактор ойнайтын жағдай емес. Бір емес, бірнеше тармақтары бұл жерде бұзылып отыр. Заң шеңберінде өзіне тиесілі тәртіптік шара көріледі. Білім басқармасынан да осы оқушыларды сиымдылығына жауап беретін, білім мекемелерінің немен айналысатынын қарап отыратын бөлім бар. Ол бөлімге де арнайы шара көріледі. Аяқсыз қалмайды»- дейді Айгүл Қалыбайқызы.

Сондай-ақ, қаланың бас педагогы ғимараттың жөндеу жұмыстары біткеннен кейін журналистерді арнайы шақыратынын мәлімдеді.

 

 

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*