ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ETS КОМПАНИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ АМЕТ СЕВАКТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Educational Testing Service (ETS) компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Амит Севакты қабылдады.

Кездесу барысында Президент ETS ұйымының әлемдік білім беру саласындағы беделіне және тестілеу мен бағалау жүйелерін дамытудағы жетекші рөліне ерекше назар аударды. Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстан білім беру сапасын арттыру бағытында халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, тиімді шешімдерді енгізуге мүдделі.

Амит Севак Мемлекет басшысына ETS компаниясының халықаралық ауқымдағы жұмысы мен алдағы жоспарлары туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, ұйым жыл сайын әлемнің 180-нен астам елінде 50 миллионнан астам тест әзірлеп, іске асырады. Сонымен қатар ETS әр елдің ұлттық білім беру жүйесіне бейімделген шешімдер ұсынып, білім сапасын арттыруға үлес қосып келеді.

Кездесу аясында тараптар тестілеу саласындағы ықтимал ынтымақтастықты, сондай-ақ заманауи бағалау құралдарын Қазақстанда енгізу мүмкіндігін талқылады. Бұл бағыттағы өзара іс-қимыл елдің адами капиталын дамыту мен білім беру жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге сеп болмақ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*