Кеңес дәуірінің сәулет өнерінің туындысы болғанына қарамастан, жеке меншікке өтіп кеткен мәдениет ордасы ұзақ жылдар бойы қараусыз қалған. Материалдары талан-тараж болып, ғимарат конструкциясына орасан зақым келтірілген. 2023 жылдың қараша айында коммуналдық меншікке өткеннен кейін сарапшылар сарайдың жай-күйін зерделей келе, нысанды қалпына келтіру мүмкін еместігіне көз жеткізді. Сондықтан 1975 жылы салынған Мәдениет сарайының ғимаратын бұзу туралы шешім қабылданды.
Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері бірігіп, «Фосфоршылар сарайының» ғимаратына қатысты қабылданған шешім бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ескі ғимараттың орнына нысанның тарихи келбеті сақталып, заманауи мәдениет сарайы салынады. Құрылысымен «Сәби» қайырымдылық қоры айналысатын болады. Бұл жұмыстарды күзде бастау жоспарлануда. Қордың тапсырысы бойынша мәдениет сарайының дизайн-жобасы әзірленді.
Ғимарат көркем ромб пішінде, ою-өрнектермен көмкеріліп, тарихи, заманауи нақыштардың эстетикалық үйлесімімен бой көтереді. Мәдениет сарайында өнер, кәсіп дағдыларына бағытталған үйірмелер іске қосылады.
Қала көркін арттырып, тұрғындарға пайдалы қызмет көрсетітетін орталық аумағы абаттандырылып, сарайдың маңына жасыл желек отырғызылады. Жобада субұрқақтар мен аллеялар, балалар және спорт алаңдары қарастырылған.
Қазақстанда өткен тәулікте, яғни 14.06.2020 жылғы мәлімет бойынша 313 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы www.coronavirus2020.kz сайты хабарлайды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 14 мың 809. Өткен тәулік ішінде еліміздің 313 […]
British Council ұйымы жүргізген «Қазақстанның келешек ұрпағы» зерттеуінің нәтижелері жарияланды. Зерттеу аясында ұйым Next Generation («Келешек ұрпақ») платформасы арқылы әлем жастарына өз ойларын білдіруге мүмкіндік береді. Бұл платформа жастардың үнін естуге, олардың ұмтылыстары мен проблемаларын […]
Шымкент қаласында «Наурыз» алаңы маңында «Көне қала» этножобасы бой көтеруде. Этноқалашықта «Шымкент 2020 — ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы аясында қала тұрғындары мен қонақтарына ұлттық салт-дәстүр құндылықтарын насихаттау мақсатында әр сенбі, жексенбі күндері іс-шаралар […]
Пікір қалдыру