«Арбат» алаңында «Жастарға жұмыс» республикалық бос жұмыс орындарының республикалық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкені ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «AMANAT» партиясының қолдауымен Шымкент қаласы әкімдігі ұйымдастырды.
Маңызды іс-шараға қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов қалалық партия филиалының өкілдері, «AMANAT» партиясы фракцисының депутатары, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Павлодар облыстарының делегат мүшелері, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшылығы қатысты.
Жәрмеңкеде биылғы бітіруші түлектерге, жұмыс іздеп жүрген қала тұрғындары мен жас мамандарға мемлекеттік қызметке орналасудың тәртібі, бос орындар, ерікті түрде Солтүстік өңірге қоныс аудару бағдарламасы, мемлекеттік қайтарымсыз грант бойынша түсіндірме жүргізіліп, жұмыспен қамтудың белсенді шаралары туралы ақпараттық кеңестер берілді.
Жәрмеңкеде 82 мекеме 963 тұрақты жұмыс орнын таныстырып, қалған жұмыс берушілер онлайн түрде бос жұмыс орындарын ұсынды. Жалпы, 150-ден астам мекемеден 5 мыңға жуық бос орын ұсынылды.
Жұмыс берушілерден 500-ге жуық жас кеңес алып, 103 адамға жолдама берілді. Атап айтқанда, 50 адам тұрақты жұмысқа, 30 қатысушы «Жастар практикасы», 18 жасқа «Алғашқы жұмыс» орнына, 5 адам «Қоғамдық жұмыс» бағдарламасы бойынша жолдама алды. Одан бөлек, 41 адамға қысқа мерзімді кәсіптік оқу мен қайтарымсыз грант алу бойынша кеңес берілсе, ал 77 отбасы ерікті түрде Солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниет білдірді.
Жастар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивтік мінез-құлық, өз-өзіне қол жұмсау және зорлық- зомбылықтың алдын алу мақсатында Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Мақтаарал ауданы, Еңбекші а/о, “Шұғыла”ЖББМ-нің 10 сынып оқушыларымен “Мен және […]
Шымкент қаласы аумағында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өзендер мен көлдердің жағалауларын тазалау, ретке келтіру іс-шаралары жалғасуда. Қала жастары Әл-Фараби ауданы аумағындағы Бадам өзенінің бойында тазалық жұмыстарын жүргізді. Іс-шараға еріктілер және ҮЕҰ өкілдері, жалпы 40-қа […]
1 қыркүйек — тек жаңа оқу жылының басталуы ғана емес, балалардың жүрегіне шаттық пен үміт сыйлайтын ерекше мереке. Осы күні Шымкент қаласында ерекше және есте қаларлық шара өтті: Полиция департаментінің қызметкерлері оқушыларды Білім күнімен құттықтап, […]
Пікір қалдыру