Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтының маңыздылығына тоқталып, саланы дамытуда жергілікті өзін-өзі басқару органдарына демеушілер мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік әлеуетін тиімді пайдалану қажеттігін жеткізген болатын. Бұл ретте тұрғындардың да белсенділік танытуы маңызды. Ол үшін ең алдымен мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуы керек.
Бүгінде Шымкентте дене шынықтыру мен бұқаралық спортты кеңінен насихаттауға ден қойылған. Қала тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау мақсатында серуендеу алаңдары мен түрлі орталықтар пайдалануға берілуде. Саябақтар мен қоғамдық орындар да азаматтардың жаттығу жасап, дене шынықтыруына қолайлы жасалуда.
Жуырда қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасы бойынша жүгіру және веложолы бар жаңа серуендеу алаңы пайдалануға берілді. Жол бойында бірнеше жаттығу алаңдары салынған. Жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылды. Қазір Нұрсәт шағынауданында, қала әкімдігінің жанындағы саябақта тағы бір жүгіру жолы салынуда.
Айта кетейік, Президент тапсырмасын жүзеге асыру аясында жыл басынан бері Шымкентте салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту мақсатында 97 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 11 мыңнан астам адам қатысты. Қазіргі таңда мегаполисте 33 спорт ұйымында 74 спорт түрі дамып келеді.
Сонымен қатар, жыл соңына дейін «SPORT LIFE» шағын футбол орталығын және үш спорт залы бар «ЕЛАМАН» спорт кешенін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Шымкент қаласында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы онлайн форматта өтті. Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Қоғамдық көліктердің жұмысын жақсарту, маршруттар желісін жаңарту және дамыту жөніндегі кешенді схема туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Талғат […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары кен өндіру саласындағы стратегиялық келіссөздердан басталды. Кездесу барысында ол канадалық Cameco компаниясының басшысымен уран өндірісі мен өңдеу саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Тоқаев Cameco компаниясын «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының […]
Еліміздің үшінші мегаполисінде алдағы уақытта «Жұлдыз» индустриалды аймағы құрылады, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде қала әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы, «Түркістан» сарайында өткен халық алдындағы жылдық есебінде мәлімдеді. «Қаладан 136 гектар жер бөлініп, агроиндустриалды аймақ […]
Пікір қалдыру