Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен сегізінші шақырылымдағы қала мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы өтті. Күн тәртібінде 2024 – 2026 жылдарға арналған қала бюджетін нақтылау, абаттандыру мәселелері қаралды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Е.Есқараев бірінші мәселе бойынша баяндама жасады.
Қала бюджетін нақтылау барысында бюджет көлемін 30 млрд теңгеге ұлғайту ұсынылды. Бірінші кезекте халықтың өзекті мәселелерін шешетін шығындарға басымдық берілді. Жалпы нақтылау нәтижесінде, мегаполис бюджетінің көлемі қазіргі 735 млрд теңгеден 764 млрд теңгеге дейін артатын болады.
Жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ә. Оңғар қала аумағын абаттандыру бойынша экологиялық қолайлы және тартымды орта құру бағытындағы жұмыстардың қағидасын бекітуді ұсынды. Депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді қарап, маңызды шешімдер қабылданды.
Сессия соңында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мәслихат депутаттарын өзекті мәселелерді шешуде азаматтармен кездесіп, бұл бағыттағы жұмыстарды бірлесе атқаруға шақырды.
Милионды қаламыздың даму жоспарына бекітілген көптеген құрылыс нысандар мен жол жөндеу жұмыстары бар. Кезең-кезеңімен атқарылып жатқан жұмыстар елдің игілігіне біртіндеп беріліп жатыр. Жол десе, көзімізге асфальт елестейді. Әрине, тақтайдай тегіс жолмен жүру — жолаушылардың арманы. Әрі […]
Шымкент қаласында «Шымкент жүрек орталығының» 25 жылдығына арналған «Инновациялар, технологиялар және әлемдік тәжірибе: кардиохирургияның болашағы біздің қолымызда» атты халықаралық кардиохирургтар конгресі өтті. Ауқымды шараға Қазақстаннан бөлек, ТМД елдері мен алыс шетелден келген жетекші кардиохирургтар, ғалымдар, […]
Республика бойынша бойынша Шымкент қаласында азық-түлік бағасы ең жоғары көтерілген — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. 2019 жылдың алғашқы тоқсанында Шымкент қаласы республикамызда бірнеше көрсеткіштер бойынша төменгі орында тұр. Бұл жайлы бүгін Елорда да өткен Үкімет […]
Пікір қалдыру