«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.
«Таза Қазақстан» шарасы Шымкент қаласы Қаратау ауданында жалғасын тапты. «Amanat» партиясы қалалық филиалының ұйымдастыруымен өткен шараға «Жастар рухы», Ардагерлер кеңесі және бірқатар қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мен белсенділер атсалысты. Акцияға жалпы 100-ден астам адам қатысты.
«Таза Қазақстан» экологиялық шарасы аясында Нұртас мөлтекауданы қоқыстан тазартылды. Ондағы бейберекет өскен шөптер орылып, қураған бұтақтар мен өзге де күл-қоқыстар жойылды.
«Таза бейсенбі» шарасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды. Аталған шара маусым айынан бері әр бейсенбі сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінге дейін 20 тоннадан астам қоқыс қала аумағынан шығарылған.
Қоңыр күз келгенде жылғалар бітеліп, айнала ластанатыны белгілі. Табиғаттың тынысын ашу мақсатында жол жиектері, арықтар күл-қоқыстардан тазалануда. Сондай-ақ, аудандағы барлық мектептер мен балабақшалардың, яғни барлық әлеуметтік нысандарында тазарту жұмыстары жүргізілді.
Алдағы уақытта ауданды тазалығын сақтау мақсатында жұмыстар жүйелі жоспарға сәйкес жалғасатын болады.
Айнала тазалығына алаңдайтын ағайын игі іске біркісідей жұмыла білді. Әлі де сол үрдістің төңірегінде күл-қоқыстан арылу үшін қолға күрек-тырма алғандарды көріп, іштей сүйсінесің.
Барлық мөлтек аудандардағы сектор жетекшілеріне тазалық жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізуді міндеттелді. Ендігі жерде жан-жаққа тал егіп, көгалдандыруға да айрықша басымдық берілуде. Қазақта «бір тал кессең, он тал ек» деген тәмсіл бар. Соның негізінде ел болып жұмыла көктемгі көшет егу жұмысына өз үлесімізді қоссақ, нұр үстіне нұр болмақ. Ендігі жерде бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ортақ іске белсене атсалысайық. Себебі сенбілік ат төбеліндей адамдармен ғана емес, көппен бітетін жұмыс.
Шымкент қаласының Мамандандырылған ХҚО аумағында, автокөлік базарлары, автокөлік сататын дүкендер және адамдар көп жиналатын орындарда «Қалтаңыздағы ХҚО» акциясы басталды. Шара барысында Egov.kz жаңа мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар шымкенттіктерге Mgov.kz, телеграмдағы EgovKzBot туралы нұсқаулық буклеттер таратылды. […]
Шымкент қаласында модульдік жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысы аяқталды. Үшінші мегаполиске жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Біртанов Елжан Амантайұлы жаңа медициналық орталықтың жұмысымен танысты. Бұл госпитальде дәрігерлер коронавирус инфекциясына күдіктелген барлық пациенттерді қабылдайтын болады. […]
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауы ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды құжат ретінде қабылданды. Мемлекет басшысы өз үндеуінде еліміздің экономикасын әртараптандыру, инновациялық технологияларды енгізу және стратегиялық салаларды дамытудың нақты жолдарын […]
Пікір қалдыру