Шымкент қаласы Абай ауданы Ақжайық шағынауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өз жалғасын тапты. Бұл шараға «Amanat» партиясы қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқосынов бастаған қалалық және аудандық қызметкерлер, сондай-ақ партия жанындағы «Жастар рухы» қанатының белсенді жастары қатысып, жалпы 100-ден астам адам жұмылдырылды.
Акция барысында көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында шашылған қоқыстар жиналып, бейберекет өскен шөптер орылып, қураған бұтақтардан тазаланды.
Бұл шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. Тазалық акциясы маусым айынан бастап әр бейсенбі сайын тұрақты түрде өтуде. Сол уақыттан бері қала аумағынан 20 тоннадан астам қоқыс жиналып, экологиямызды қорғауға үлес қосылды.
Таза бейсенбі акциясы – қоғамның бірлігін, экологиялық жауапкершілігін арттыруға арналған маңызды қадам. Жас ұрпақтың белсенділігі мен қала тұрғындарының ынтымақтастығы арқасында таза және әдемі Шымкентке жету жолында аянбай еңбек ету – баршамыздың міндетіміз.
В средней школе №12 имени М. Горького в Шымкенте прошла встреча на тему «Закон и порядок». В мероприятии приняли участие заместитель начальника управления полиции Енбекшинского района, подполковник полиции Ергазы Жумабаев, и.о. начальника ЖПҚ того же […]
В Шымкенте около многоэтажных домов ежедневно проводятся дезинфекционные работы. В Аль-Фарабийском районе проводится дезинфекция. В целом на территории района имеется 672 многоэтажных жилых дома и 2244 подъездных площадок, в том числе 400 игровых площадок, соответственно […]
Бүгін білім беру саласы қызметкерлерінің «Ұстаздар күні» мерекесі тақырыбында «Түркістан сарайы» мәдениет үйінде қалалық іс-шара өтті. «Ұстаздаркүні» мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шара — жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде талмай еңбек етіп, ұлылықты бойына жинаған, білім нұрын […]
Пікір қалдыру