Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Табиғат пен адам қатар ұғым. Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтуы керек. Өйткені табиғат тіршіліктің құт-берекесі. Қоршаған ортаны таза ұстау – әр адамзаттың міндеті. Жаһандық экологияға үн қату, оны барынша насихаттау елдің ертеңгі болашағы үшін маңызды істің бірі. Әр адам тазалық пен тәртіпті өз айналасынан, қоршаған ортасынан бастаса елге деген сүйіспеншіліктің айқын белгісі болары анық. Еліміздегі аса өзекті проблемалардың қатарына қоршаған ортаны қорғау мен экологиядағы өзекті мәселелер жатады. Осы жағдайға қатысты бүгінгі таңда елімізде түрлі шаралар жүзеге асырылып келеді.
Қала тазалығына жауапкершілікпен қарап, айналаны ұқыпты ұстау санитарлық талап қана емес, биік мәдениеттің белгісі.
Қаратау ауданы аумағында кешенді тазалау жұмыстары күнделікті кестеге сәйкес атқарылуда. Бұл бағыттағы шаралар мердігер мекеме “Жасыл-Жер Шымкент” ЖШС тарапынан тұрақты жүргізіледі. Бекітілген кестеге сәйкес тазалық қызметкерлері жаяу жүргіншілер мен автокөлік жолдарын сыпырып, көгалдарға күтім жасайды, қоқыс жәшіктерінің таза, бос болуын қадағалап, жасыл желектерді суарады. Сондай-ақ, биіктігі 15 см-ден асатын шөптерді шабу, ағаштарды санитарлық кесу, жасыл желектерді құрғақ минералды тыңайтқыштармен қоректендіру, талдардың түптерін ақтау жұмыстары атқарылады. Тазалық жұмыстарына 150-ден астам жұмысшы, 15 техника жұмылдырылуда.
Бүгінгі таңда жалпыұлттық сипаттағы сенбіліктер тұрақты науқанға айналып отыр.
—Қала халқын бірлікке бастайтын экоакцияның маңызы зор деп білеміз. Өйткені экологияны жақсарту, халықтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту, өңіріміздің көркейіп, гүлденуіне үлес қосу, қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыру өзекті деп білеміз. Өйткені тазалық — ортақ міндет. Сол себепті, әрбір азамат, әр ұжым ортақ шаңырағымыздың аумағын таза ұстауға, күл-қоқыстарды шашпауға, туған жерімізді, табиғат ананы аялауға міндетті. Сондықтан қала тұрғындарын апта сайын өтетін тазалық акцияларына белсене қатысуға шақырамыз -дейді қатысушылар.
Табиғатқа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастырып, тұрғындарды белсенді экологиялық әрекетке тартуды көздеген игілігі мол бастама өз жемісін беруде. Адамзат табиғатпен және жердегі барлық тіршілікпен байланысты. Бұл тепе-теңдікті сақтау керек.
Қала тазалығы — баршамыз үшін маңызды. Сондықтан да әрбір тұрғынды сүйікті қаламызды таза ұстауға шақырамыз.
Қаратау ауданы аумағында жалпы ұзындығы – 631 шақырымды құрайтын – 595 көше бар. Оның 364 шақырымы асфальт, 233 шақырым шағал тас болса, 33 шақырымды топырақ көшелерді құрайды. 2023 жылы 50 шақырымды құрайтын 70 көшені асфальттау […]
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұловтың қатысуымен коронавирус пандемиясына қарсы ауданда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде онлайн-брифинг өтті. Абзал Шымкентбайұлының баяндауынша, аудан аумағында қауіпті індеттің алдын алу үшін 8 блок-бекет орнатылған. Блок-бекеттердің […]
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Қазақстандағы экологиялық мәселелерді шешуге, табиғатқа деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған үлкен бастама болып табылады. Бұл акцияның негізгі мақсаты — қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың қоршаған ортаға деген қамқорлығын арттыру және табиғатты […]
Пікір қалдыру