Қаратау ауданы аумағында жалпы ұзындығы – 631 шақырымды құрайтын – 595 көше бар. Оның 364 шақырымы асфальт, 233 шақырым шағал тас болса, 33 шақырымды топырақ көшелерді құрайды.
2023 жылы 50 шақырымды құрайтын 70 көшені асфальттау жоспарланған. Қазіргі таңда, 64 көшенің құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 41 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылды.
2024 жылы жалпы 87 көшеге 48,8 км.асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда Қаратау ауданы аумағындағы орталық 91 көше жарықтандырылған. 2023 жылы аудан аумағындағы маңызға ие 30 көшені жарықтандыру жұмыстары атқарылуда. Ал, 18 көше тұрғындар тарапынан жарықтандырылып, Шымкент қаласының энерегетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының теңгеріміне өткен.
2025 жылға дейін аудан аумағындағы 150-ге жуық көшені жарықтандыру жоспарланып отыр. Аудан аумағындағы тұрғындардың өтініштері негізінде 240 орынға бейнебақылау камераларын орнату жоспарланған. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін атқарылатын болады.
Қаратау ауданы – Қазақстанның Шымкент қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігі. 2014 жылы құрылған. Аудан атын атақты ақын, жазушы, қоғам қайраткері Мархабат Байғұт ұсынды.
Қаратау ауданына 28-ден астам елді мекендер мен шағын аудандар енгізілген. Қаратау ауданы «Азат», «Ақжайық», «Асар», «Бозарық», «Достық». «Достық-2». «Қайнар бұлақ». «Қайтпас», «Қызылсай», «Мәртөбе», «Мирас» (жартылай), «Нұрсәт», «Нұртас», «Орманшы», «Өтеміс», «Сайрам», «Тәжірибе бекеті», «Таскен», «Тассай», «Тұран», «Шапырашты» шағын аудандары мен тұрғын алаптарын біріктірді.
Қаламыздың көркеюі мен тазалығы – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Үйреншікті үрдіске айналған сенбіліктер қала тұрғындарының бірігіп, жалпыға ортақ іс атқаруының бірден-бір мысалы. Мұндай шаралардың басты мақсаты – қаланы таза ұстау ғана емес, сонымен қатар әркімге […]
9 қараша күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №59 жалпы орта мектебінде дәстүрлі сенбілік ұйымдастырылды. Бұл шара республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізілді және мектеп ұжымы жоғары белсенділік танытты. Сенбілікке мұғалімдер, мектеп қызметкерлері және техникалық […]
Руденко Мария, ветеран ВОВ РУДЕНКО Мария Ивановна родилась в 1922 году, в городе Пенза. После окончания медицинского техникума, была направлена в город Риддер Восточно-Казахстанской области, где работала фельдшером скорой медицинской помощи. В 1941-1946 годы служила […]
Пікір қалдыру