«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.
«Таза Қазақстан» шарасы Шымкент қаласы Қаратау ауданында жалғасын тапты. «Amanat» партиясы қалалық филиалының ұйымдастыруымен өткен шараға «Жастар рухы», Ардагерлер кеңесі және бірқатар қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мен белсенділер атсалысты. Акцияға жалпы 100-ден астам адам қатысты.
«Таза Қазақстан» экологиялық шарасы аясында Нұртас мөлтекауданы қоқыстан тазартылды. Ондағы бейберекет өскен шөптер орылып, қураған бұтақтар мен өзге де күл-қоқыстар жойылды.
«Таза бейсенбі» шарасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды. Аталған шара маусым айынан бері әр бейсенбі сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінге дейін 20 тоннадан астам қоқыс қала аумағынан шығарылған.
Қоңыр күз келгенде жылғалар бітеліп, айнала ластанатыны белгілі. Табиғаттың тынысын ашу мақсатында жол жиектері, арықтар күл-қоқыстардан тазалануда. Сондай-ақ, аудандағы барлық мектептер мен балабақшалардың, яғни барлық әлеуметтік нысандарында тазарту жұмыстары жүргізілді.
Алдағы уақытта ауданды тазалығын сақтау мақсатында жұмыстар жүйелі жоспарға сәйкес жалғасатын болады.
Айнала тазалығына алаңдайтын ағайын игі іске біркісідей жұмыла білді. Әлі де сол үрдістің төңірегінде күл-қоқыстан арылу үшін қолға күрек-тырма алғандарды көріп, іштей сүйсінесің.
Барлық мөлтек аудандардағы сектор жетекшілеріне тазалық жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізуді міндеттелді. Ендігі жерде жан-жаққа тал егіп, көгалдандыруға да айрықша басымдық берілуде. Қазақта «бір тал кессең, он тал ек» деген тәмсіл бар. Соның негізінде ел болып жұмыла көктемгі көшет егу жұмысына өз үлесімізді қоссақ, нұр үстіне нұр болмақ. Ендігі жерде бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ортақ іске белсене атсалысайық. Себебі сенбілік ат төбеліндей адамдармен ғана емес, көппен бітетін жұмыс.
Шымкентте «Қаланы басқару» саласы бойынша «109» мониторинг және жедел ден қою қызметі» ағымдағы жылдың маусым айының соңына дейін қолданысқа енгізілетін болады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А.Жұмағалиевтің қатысуымен өткен селекторлық […]
Шымкент қаласында лабораториялық тестілеуден өткізу шаралары күшейтіліп жатыр. Бүгінде коронавирус індетінің қаупі басылмай отыр. Яғни, инфекцияны жұқтырғандар саны күн сайын артып барады. Бұл жағдайға ең бірінші себеп — қала тұрғындарының санитарлық нормаларды сақтамауы боп отыр. […]
Шырайлы шымкенттің басшысы Ғабит Сыздықбековтың қатысуымен өткен арнайы жиында жылу маусымының соңғы сатысындағы дайындық шаралары талқыланды. Қазір қаланың 23 бөлек орналасқан жылу қазандықтарынан 20-сы қысқы маусымға дайын. Қалғандарында тиісті жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Ал Ж.Адырбеков, Т.Орынбаев […]
Пікір қалдыру