«Таза бейсенбі» экологиялық акциясының кезекті шарасы Еңбекші ауданы Жібек жолы бойындағы аулалардың бірінде ұйымдастырылды. Оған “Amanat” партиясы Шымкент қалалық, аудандық филиалдарының қызметкерлері, Жастар рухының, қоғамдық бірлестіктер мен әкімшілік өкілдері және еріктілер атсалысты. Жалпы тазалық акциясына 100-ге жуық адам жұмылдырылды.
Акция аясында көпқабатты тұрғын үй аулаларында бейберекет өскен шөптер орылып, қураған бұтақтар мен қоқыстардан тазартылды. Сондай-ақ, су арналарындағы тұрмыстық қалдықтартар да шығарылды.
Айта кетсек, «Таза бейсенбі» шарасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткізілді. Бұл шара маусым айынан бері әр бейсенбіде ұйымдастырылып келеді. Бүгінге дейін 3 мыңға тарта адам жұмылдырылып, 20 тоннаға жуық қоқыс шығарылған.
«Халқымыз «Бұлақ көрсең көзін аш» деген нақылды босқа айтпаған ғой. Қошқар ата – суы мөлдір, таза әрі шипалы өзен. Өзеннің бастау алатын тұсына барып көрсеңіз оның суы қаншалықты таза екеніне көз жеткізесіз. Бұл – Табиғат-Анамыздың бізге берген үлкен сыйы. Егер өзеннің жағалауы мен сағасын үнемі таза ұстай білсек, өзен сулар бүкіл қаламыздан осындай тап-таза, мөп-мөлдір қалпында ағып өтер еді. Бұл қаладағы экологиялық ахуалға оң әсер етеді», — дейді аудан тұрғындары. Сондай-ақ қала тұрғындарын қоршаған ортаға жанашырлықпен қаруға шақырды.
Қалада 400 АЕК-ке дейінгі қайтарымсыз гранттың екінші легі бойынша комиссия отырысы өз мәресіне жетті. Комиссия өкілдері әлеуметтік осал топқа жататын 217 адамның бизнес-жобасын мақұлдады. Екінші лек бойынша BUSINESS.ENBEK порталына 1294 адамнан өтінім келіп түсті. Олар […]
Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте жылу маусымына дайындық және мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілерде, БАҚ және қоғаммен байланыс мәселелері қаралып, мемлекеттік қызметтердің сапасына жүргізілген ішкі мемлекеттік бақылау қорытындысы талқыланды. Энергетика және инфрақұрылымды дамыту […]
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков 1 қазан — халықаралық Қарттар күніне орай ардагерлерді мерекелерімен құттықтады. «Қарттарым — асыл қазынам» атты мерекелік іс-шарада қала басшысы ыстық ықыласын жеткізді. — Сіздерді халықаралық қарттар күні мейірім мен […]
Пікір қалдыру