Түркістан қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының ұйымдастыруымен әйелдерге арналған “Ресурсты ана – сау ұрпақ” тренингі өтті. Жоба жетекшісі “Дара Медиа” орталығының басшысы Халдарбек Рухабза. Салтанатты жиынды қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы ашты. Шараға облыстық мәслихат депутаты Инара Намазбаева қатысты.
Жобадағы спикерлер остеопат маманы Дариға Жұмабекқызы, балалар невропатологы, “Сөйле балам” орталығының негізін қалаушы, әлеуметтік кәсіпкер Ғалия Нұржанқызы, балалар психологы және нейропсихолог маман Жаннат Қаныбекқызы, невропатолог дәрігер Әсел Қайратқызы, интегративті дәрігер-гинеколог Мөлдір Баратбаева тақырып төңірегін жан-жақты талқылап, ой-пікірлерін ортаға салды.
Аталған жобаны алдағы уақытта өзге қала-аудандарда өткізу жоспарланып отыр.
Түркістан қаласында ұстаздарға деген құрметтің жаңа бір көрінісі ретінде ұлағатты ұстаздарды ұлықтауға арналған ерекше фотогалерея жасақталды. Бұл игілікті іс-шараны өңірдегі білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті ұйымдастырып отыр. Мақсат — білім беру саласында орасан зор […]
Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы аясында инфрақұрылымдық жобаларға ерекше көңіл бөлініп отыр. Қала ағынының жəне көлік жүйесінің жақсаруы үшін жаңа жолдар мен көпірлер салу жоспарланып, қоғамдық көліктің санын арттыру көзделуде. Сонымен қатар, қалада су мен электр […]
Елімізде 2020 жылдан бастап Абай күні кеңінен аталып өтуде. Осыған орай Түркістан қаласында арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Тағылымды жиынға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, зиялы қауым өкілдері мен өңір кітапханашылары, дарынды оқушылар қатысты. Алдымен келген қонақтар […]
Пікір қалдыру