Шаһар басшысы Әзімбек Пазылбекұлының халықпен кездесуі «Бірлік», «Отырар» тұрғын алаптарында жалғасты. Кездесуде сектор тұрғындары қала әкіміне жол мәселесі, ойын алаңшалары, түнгі жарықтандыру, коммуналдық қызмет, білім саласы, тұрғын-үй, қоғамдық көлікке қатысты сауалдарын қойды.
Тұрғындардың талап-өтініштерін тыңдауға қала әкімінің орынбасарлары, қалалық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары мен тиісті мекеме басшылары қатысты.
«Бірлік» тұрғын алабының халқы көшелерін толық жарықтандырып, қауіпсіздік үшін бейнекамера орнатып беруін сұрайды. Сонымен қатар, мұндағы тұрғындарды тазалық пен жол сапасы да алаңдатады. Аталған сектор тұрғындарын тыңдаған шаһар басшысы мәселелерді шешуге тиісті бөлім басшыларына тапсырма берді.
Қала әкімі «Отырар» секторы тұрғындарының коммуналдық төлемге қатысты өтініштерінің заң аясында шешілетінін, балалар ойын алаңшаларының жоспарға сай орындалатынын айтты. Қоғамдық көлікте тегін жүруге мүмкіндік сұраған көп балалы аналар мен ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға бұл мәселені қолға алғанын жеткізді.
— «Бүгін қаладағы автобустардың жайымен таныстым. Қоғамдық көліктерге жауапты облыс орталығындағы екі автобус паркінің басшыларын шақырып, жекелеген санаттағы азаматтардың қоғамдық көлікте тегін жүруі бойынша мәселені талқыладық. Алдағы уақытта бұл тақырыпта мамандар жұмыс істейді»,-деді Әзімбек Пазылбекұлы өз сөзінде.
Қаламызға келуші туристердің қала көркімен танысуы ең алдымен — Әуежай және Темір жол вокзалынан бастау алады. Түркістан қаласындағы «Hazret Sultan» халықаралық әуежайы осыдан 4 жыл бұрын пайдалануға берілген еліміздегі заманауи үлгідегі инновациялық және технологиялық талаптарға […]
Қазір – ақпараттық технологиялар дәуірі. Демек, бұл саланы кім терең меңгеріп, озық нәтижелерге қол жеткізсе, оның ғаламдық аренадағы орны төр болмақ. Түркістан қаласының «Яссы» тұрғын алабы үй жағдайындағы интернет желісімен қамтылуда. Бұл сектордың тұрғындары енді […]
Қала әкімі осы аптада өткен халықпен есептік кездесулердің нәтижелері бойынша бірнеше нысанды аралады. Кездесулер барысында тұрғындар «Күншығыс» шағынауданында автотұрақ салуды сұраған болатын. Әкім аталған аумақты қарап, аудан әкімдігіне заң аясында автотұрақ салу мүмкіндігін зерттеуді тапсырды. […]
Пікір қалдыру