Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға қала әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен жауапты мекеме басшылары қатысты.
Қабылдауда азаматтардың негізгі көтерген мәселелері — тұрғын үй кезегіне тұру, қаладағы инфрақұрылым, үй кезегі, жұмыссыздық, әлеуметтік көмек, тазалық және т.б. Шаһар басшысы 20-ға жуық тұрғынның мәселесін тыңдап, жауапты сала басшыларына тапсырма берді.
Әзімбек Пазылбекұлының алғашқы жеке қабылдауындағы тұрғындар тілегінің басым бөлігі дер кезінде шешімін тапты.
Қабылдауда ерекше күтімді қажет ететін отбасы мүшесіне арналған инватакси қарастыруды өтінген азаматтың мәселесі шешімін тауып, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөліміне тапсырма берілді.
Жұмысқа орналастыруды сұраған тұрғындар мәселесі қалалық «Мансап» орталығына жолданды.
Барлық ұсыныстар мен талап-тілектер хаттама негізінде назарға алынып, заң аясында тиісті шешімдер қабылданатын болады.
Түркістан қаласындағы «Олимпик Арена» спорт кешенінде қазақ күресінен ересектер арасындағы Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналған Әлем кубогінің алғашқы күні басталды. Бұл дода қазақ күресінің халықаралық аренадағы беделін арттыруда үлкен маңызға ие болып отыр. Осы әлемдік деңгейдегі […]
Түркістанда сурдо дзюдодан әлем чемпионаты өтеді. Әлем біріншілігі Қазақстан сурдо дзюдо федерациясы мен Қазақстан Сурдлимпиада комитетінің ұйымдастыруымен өткізілмек. Аталған федерация мәлім еткендей, әлем чемпионатына 25 елден 200 спортшы қатысады деп жоспарланған. Қазақстан тарапынан 22 дзюдошы […]
Өткен жылы Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнім көлемі 370 миллиард теңгені құраған. Бұл жайлы облыс әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді. 2021 жылмен салыстырғанда, руһани астанада жалпы өңірлік өнім көлемі 38 пайызға артқан. Биылғы жылдың 4 айында […]
Пікір қалдыру