Түркістанда шахматтан ашық аспан астында біріншілік өтті. Сайысқа шахмат үйірмесінің 2-3 санаттағы жас спортшылары қатысты. Жалпы интеллектуалды ойында 40 оқушы бақ сынады. Жас шахматшыларды төрешілер алқасы қадағалады. Айта кетейік, таза ауада, яғни, «Жеңіс» саябағында өткен шахмат жарысын Түркістан қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт клубы ұйымдастырды.
Турнирдің мақсаты – жас шахматшылардың шеберліктерін шыңдап, жаздық демалыс уақытында оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған қатысушылар анықталып, арнайы марапатталды.
Еліміз орнықты даму жолына түскен, бәсекеге қабілетті мемлекетке айналуы үшін біздің қоғамға интеллектуал адамдар көбірек қажет. Ал, шахмат — адамның ақыл-ойын дамытатын бірден-бір ойын. Оны шахматтан әлем чемпионы болған Тигран Петросянның «Шахмат дегеніміз формасы бойынша ойын, мазмұны жағынан – өнер, ал ойынды меңгеру жағынан – ғылым» деген сипаттамасы дәл беріп тұрғандай.
Бір ауыз сөзбен айтқанда, зиялы ұлт қалыптастырудың тиімді жолдарының бірі – елде шахматтың дамуына жағдай жасау. Осыны ескерген мемлекет кейінгі жылдары Қазақстанда шахматты дамытуға ерекше назар аударып келеді. Мұны шахматтың мектеп бағдарламасына факультатив пән ретінде енгізілуінен-ақ байқауға болады.
Түркістанда ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бакытжамал Оспановамен «Махаббатым – кітап, мамандығым – кітапханашы» тақырыбында кездесу өтті. Қазақстандық кітапханалық одақтың төрайымымен кездесуге облыс кітапханашылары қатысты. Бенефис кеші форматындағы жиын тақырыпқа сай көрме инсталляциясын таныстырумен басталды. Кешті […]
Жуырда Түркістан қаласындағы №32 жалпы білім беретін мектепте маңызды әрі тәрбиелік мәні зор іс-шара өтті. Түркістан облысы Полиция департаменті мен Түркістан облысы білім басқармасына қарасты «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жас жол […]
Театр – көрер көзге, көңілге ерекше эстетикалық ләззат сыйлайтын өнердің алтын ордасы. Онда архитектурадан бастап, мүсін, бейнелеу, сәндік-қолданбалы өнер, ән-би, жыр, сөз өнері – бәрі жинақталған. Адамның қиялында шек жоғын, өнерде ұлт, шын талантта шекара […]
Пікір қалдыру