Түркістанда ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бакытжамал Оспановамен «Махаббатым – кітап, мамандығым – кітапханашы» тақырыбында кездесу өтті. Қазақстандық кітапханалық одақтың төрайымымен кездесуге облыс кітапханашылары қатысты.
Бенефис кеші форматындағы жиын тақырыпқа сай көрме инсталляциясын таныстырумен басталды. Кешті басқарма басшысының орынбасары Ержан Исатаев ашып берді. Кеш кейіпкерінің кітапхана жолында атқарып жатқан еңбегіне тоқталды. Содан соң облыс әкімінің арнайы құттықтау хатын табыстап, сәттілік тіледі.
Кездесу барысында зиялы қауым өкілдерінің және мемлекет қайраткерлерінің кейіпкер жайлы естеліктері, құттықтау сөздері басылған бейне жолдауы көрсетілді. Жиналған кітапханашылардың көкейіндегі қызықты әрі салалық сұрақтарға жауап беріп, өзінің еңбек жолы туралы естеліктерін әңгемелеп берді.
Іс-шарада Бақытжамал Қайырбекқызы түркістандық үздік кітапханашыларға Қазақстандық кітапханалық одақтың «Кітапхана ісінің ардагері», «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» және «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгілерін табыстап, өз атынан арнайы алғыс хатпен марапаттады.
Кеш соңында «Фараб» кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова қорытынды сөз алып, бүгінгі кештің маңызына тоқталды. Сондай-ақ қонақтар мен қатысушыларға алғысын білдірді.
Айта кетейік, аталған мазмұнды кешті облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған.
Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында «TURKISTAN Sky auto fest – 2024» іс-шарасы басталды. Түркістан қаласының туристік әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шара аясында автокөліктер көрмесі, әуе шарларын ұшыру, қолөнершілердің шеберлік сағаттары, гасторномиялық шоу, концерттік бағдарлама ұсынылды. Авто […]
Түркістанда даңқты боксшы, КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері, кезінде Қазақстан ұлттық құрамасын баптаған бапкер Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған бокстан ересектер арасында ХХХ халықаралық турнир тағы да жалауын көтерді. Бокс бәсекесіне еліміздің 15 аймағынан және […]
Түркістан қаласының білім бөліміне қарасты жазғы сауықтыру лагерінде екінші маусымның ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. Балалардың шат күлкісі мен жарқын қуанышы көрініс тапқан бұл игі іс-шара – тек жазғы демалыстың басталуы ғана емес, ел болашағы […]
Пікір қалдыру