Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың, жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту.
Бұл бастаманы Түркістан облысының табиғат жанашырлары қуанышпен қабылдап, жұмысты бастап кетті. Өйткені, өңірімізде белсенді, отаншыл азаматтар өте көп.
Қала әкімінің бекітілген кестесіне сәйкес Түркістанда апта соңында тағы да тазалық шарасы ұйымдастырылып, сенбіліктің соңы көңілді флешмобпен аяқталды. Қ.А.Ясауи кесенесі мен Күлтөбе қалашығының аумағы, Жібек жолы саябағы, Отырар мөлтек ауданында өткен тазарту жұмыстарына 1000-ға жуық адам қатысты. «Таза Қазақстан» эко-акциясы аясындағы шараға қаладағы 6 сектор тұрғындары мен әкімдікке қарасты 14 мекеме қызметкерлері атсалысып, 13 техника жұмылдырылды. Сенбілік нәтижесінде қураған шөптер мен арық-атыздар тазаланып, 200 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Сондай-ақ, панкратион спортынан әлем чемпионы Ержан Естанов пен шаһарымыздың қонағы Серғазы Тоқтарбек сенбілік жұмыстарына қатысып, қала тазалығына өз үлестерін қосты. Шаһар халқына жылы лебіздерін білдіріп, түркістандықтардың қонақжайлылығына алғыстарын айтты.
Түркістан қаласында бүгінгі таңда Әкімшілік-іскерлік орталығында 7 қабатты 24 тұрғын үйдің (барлығы 1452 пәтер) 22-ің (барлығы 1296 пәтер) құрылысын аяқтау ағымдағы жылдың қараша айына жоспарлануда. Бұған қоса, қала тұрғындары мен жаңадан қоныстанушыларды баспанамен қамтамасыз […]
«Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дидар Смағұлов, журналист Нартай Аралбайұлының ютубтағы арнасына кең көлемді сұхбат берді. Әңгіме барысында спикер Түркістан облысына қаржылық мониторингпен келіп, соның нәтижесінде облыстың АНТИКОР департаменті үш қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Оның […]
Күннен-күнге түрленіп жатқан Түркістанға төрткүл дүние көз тігіп отырғаны жасырын емес. Түркі елдерінің рухани астанасы ретінде мәртебесіне сай шаһар болып қалыптасуы жолында жасалып жатқан игі істер қарқын алып, бүгінгі Түркістан алып құрылыс алаңына айналған. Десек […]
Пікір қалдыру