ДИДАР СМАҒҰЛОВ: НҰРБОЛ ТҰРАШБЕКОВ ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТЫП ОТЫР

«Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дидар Смағұлов, журналист Нартай Аралбайұлының ютубтағы арнасына кең көлемді сұхбат берді. Әңгіме барысында спикер Түркістан облысына қаржылық мониторингпен келіп, соның нәтижесінде облыстың АНТИКОР  департаменті үш қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

Оның бірі, кәсіпкер Мәншүк Сыздықоваға  қатысты екен. Дидардың айтуына қарағанда, кәсіпкер М.Сыздықоваға тисілі жерге құжат бойынша дүкендер мен жатақхана болуы тиіс болған. Алайда, қазір ол жерде аталмыш ғимараттардың ешбірі жоқ. Ол орынға мейрамхананың автотұрағы салынған екен.  Мейрамхана болса, қол өнер ұсталарының  шеберханасы орнына орналасқан көрінеді.

«Түркістанда Мәншүк Сыздықоваға деген кәсіпкер бар. Оның сонда бизнесі бар. Бизнесін қырып жойып, бизнесінің орнына «парковка» салған. Ал ақшаны басқа адамға берді. Осы мәселе бойынша қала әкімінен брифингте сұраған. Сонда әкім іс сотта қаралып жатыр депті. Бірақ, сот шешімі бір жыл бұрын күшіне енген. Соған қарамастан Түркістанның әкімі жоқ ол жалған ақпарат. Барлық істер сотта, деп жалған ақпарат таратуда. Бұл бойынша біз Түркістан қаласының әкімі неге жалған ақпарат таратады деп, үстінен мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агентікке арыз жазамыз.», дейді Д.Смағұлов.

Сондай-ақ, Д.Смағұлов руһани астанада «Шөкеевтің жағажайы» аталып кеткен «пляжға» қатысты да өз ойын айтты.

«Жағажай мәселесі де тексерілу барысында. Бірақ оны да қадағалау қажет. Өйткені, сол 9 миллиард теңгелік жағажайдың мәселесі де ұмытылуы мүмкін. Қазіргі таңда, сол істі қысқартамыз деген хабар келіп жатыр. Себебі, ол жақтағылар да сол жерде әрекеттерін жасап жатыр екен. Өйткені, каспий арқылы пара берген кісілер арыз жазып, қазір арызды мен жазған жоқпын деп, өздеріне қайтарып алып отыр. Бірақ,  біз оны Астанадан қадағалап отырмыз. Бірден Антикордың басшылығына да жеткіземіз. Барлық мәселелерді аяғына дейін жеткіземіз», деп ойын түйіндеді ол.

 

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*