Түркістандық БЖМОФМ футболдан жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.
Алматы облысы Қонаев қаласында өткен бәйгеде 14 жастағы жасөспірімдер жарысқан болатын.
Топтық кезеңде жерлестеріміз Қостанай, Талдықорған, Шымкент және Петропавл командаларын айқын басымдықпен озып, жартылай финалда жамбылдықтарды 0:2 ұпаймен жеңді.
Ал мәре сәті финалда Алматы облысы құрамасымен түсіп, тартысты ойын көрсетіп жүлделі екінші орынға жайғасты.
Одан бөлек, чемпионатта команданың екі ойыншысы атап айтқанда, Әмірәлі Бектөре- Үздік жартылай қорғаушы, Аман Рахман- Үздік шабуылшысы атанды.
Елішілік жарыста жарқын жеңісімен қуантқан командаға қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев шаһар басшысының құттықтауын жеткізіп, арнайы алғыс хатын табыстады. Ізгі тілегін айтып, жеңіс тіледі.
Бұл сайыс бұынғысынан өзгерек. Ерекше форматта шахмат сайысы өтті. Интеллектуалды ойында қалалық «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығынан» қызмет алушы зейнеткерлер мен қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының» жас шахматшылары шаршы тақтада сынға түсті. Шахмат сайысының […]
Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Кеңестің жұмысынаТүркістан облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің мүшелері, өңірдің аудандары мен қалаларында қызмет ететін қоғамдық және кәсіби медиаторлар қатысты. Күн […]
Түркістанда шахматтан ашық аспан астында біріншілік өтті. Сайысқа шахмат үйірмесінің 2-3 санаттағы жас спортшылары қатысты. Жалпы интеллектуалды ойында 40 оқушы бақ сынады. Жас шахматшыларды төрешілер алқасы қадағалады. Айта кетейік, таза ауада, яғни, «Жеңіс» саябағында өткен […]
Пікір қалдыру