Түркістанда Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, басқарма және департамент басшылары, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, әскери бөлім сарбаздары, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтарының тәрбиеленушілері қатысты.
— Рақымжан Қошқарбаев Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен батыр, Халық қаһарманы. Оның ерлігін келешек ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз. Мерекелік шараның басты мақсаты — Халық қаһарманының 100 жылдығын атап өту. Батырдың ерлігін, отаншылдық рухын және халық үшін сіңірген еңбегін еске алу, әрі жастарға үлгі көрсету. Бүгінгі жиынға қатысып отырған жас сарбаздар батыр атамыздың өмір жолымен танысып, көп нәрсе үйреніп қайтарына сенім мол,- деді облыс әкімінің орынбасары.
Шарада «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы, Түркістан облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті, «Түркістан облыстық әртүрлі деңгейдегі ардагерлерді Үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігі және облыс әкімдігі тарапынан меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Мерзімді басылымдар оқу залында офицер, Ұлы Отан соғысына қатысушы, публицист, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ер есімі – ел есінде» атты көрме ұйымдастырылды.
Рақымжан Қошқарбаев 1924 жылы 19 қазанда Ақмола облысының Ақмола ауданында дүниеге келген. Ол ата-анасынан ерте айырылып, балалар үйінде тәрбиеленді. Жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін Балқаш фабрика-зауыттық училищесіне жіберілді.Р. Қошқарбаев өзінің өмірі жайлы «Штурм» кітабында әңгімелейді.
Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, бүгін қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліс барысында «Е-өтініш» жүйесі арқылы түскен өтініштер де сараланды. Жыл басынан бері әкімдікке жүйе арқылы 2126 өтініш түскен. 1801 өтініш мерзімінде […]
Түркістан қаласында ұстаздарға деген құрметтің жаңа бір көрінісі ретінде ұлағатты ұстаздарды ұлықтауға арналған ерекше фотогалерея жасақталды. Бұл игілікті іс-шараны өңірдегі білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті ұйымдастырып отыр. Мақсат — білім беру саласында орасан зор […]
Түркістан қаласында халықтың бос уақытын тиімді пайдалану үшін игі шаралар атқарылып келеді. Соның жалғасы іспетті, күні кеше «Отырар» тұрғын алабына қарасты Сүгір Әлиұлы көшесінде жаңа ашық алаң пайдалануға берілді. Осыған орай қалалық «Балалар мен жасөспірімдер […]
Пікір қалдыру