Грекия елінің Корфу қаласында 10-14 қазан күндері ересектер арасында гір тасын көтеру спортынан әлем чемпионаты өтті. Жаһандық додада Түркістан облысының саңлақтары 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль қанжығалады.
Жұлқи көтеру әдісінде 63 келіде ел намысын қорғаған Бағжан Байдуллаев өзінің мықтылығын көрсетіп, алтын медаль алды. Ал 78 келіде Ерасыл Қуаныш қола жүлдені қанағат тұтты. Сондай-ақ, серпе көтеру әдісінде 73 келіде күш сынаған Қобыланды Орынбасаров пен 95 келіде өнер көрсеткен Бақдаулет Шынтанов қола жүлдегерлер қатарынан көрінді. Тартысқа толы әлем біріншілігінде эстафеталық сында Қобыланды Орынбасаров пен Нұрбатыр Тұрғанбай күміске қол созды. Осындай аламанда ұзын циклда Ерасыл Қуаныш 78 келіде бақ сынап, қарсылас шақ келтірмесе, осы сында Қобыланды Орынбасаров қола медальді місе тұтты.
Әзімбек Пазылбекұлы қаланың инфрақұрылымдық дамуы мен абаттандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылап, бірқатар нысандарды аралады. Аралау барысында қала басшысы алдымен Арнайы экономикалық аймақ аумағында жүргізіліп жатқан инженерлік инфрақұрылым желілерін тарту жұмыстарымен танысты. Қазіргі уақытта […]
Облыс орталығында жасөспірімдер арасында түрлі дәрежедегі спорттық сайыстар жүйелі ұйымдастырылуда. Жарыс қалалық Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының ұйымдастыруымен жасалды. Кезекті қала біріншілігі жасөспірімдер арасында гандболдан өтті. Екі күнге созылған жарыста 11-13 жас аралығындағы спортшылар қатысты. […]
Түркістан маңындағы Қарашық өзенінде қазба және барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Маусым айының басынан басталған жүмысты Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Археология және антропология институтының бас ғылыми қызметкері т.ғ.д. профессор Мадияр Елеуов басқарған «Университет археологиялық экспедициясы» […]
Пікір қалдыру