Бүгін Түркістандағы «Түркістан арена» стадионында мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада басталды. Дүбірлі сынның ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев құттықтау сөз сөйлеп, былтырғы республикалық спартакададағы жеңісті жол биыл да жалғасын тапсын деген тілегін жеткізді. Биылғы спартакиада Ақтөбе қаласында өтеді деп күтіліп отыр. Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Өркен Балажанов та спортты серік еткен әріптестеріне сәттілік тіледі.
Биылғы сайысқа 1500 мемлекеттік қызметші қатысып жатыр. Олар волейбол, кіші футбол, қазақ күресі, гір спорты, жүзу, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат сынды спорт түрлерінен бақ сынайды. Жарыс 24-26 маусым аралығында рухани астанада орналасқан спорт кешендерінде өтеді. Жеңімпаздар Ақтөбе қаласында өтетін республикалық сайысқа жолдама алып, облыс намысын қорғайды.
Айта кетейік, спартакиада облытың құрылғанына 6 жыл толуына және 23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне орай ұйымдастырылып отыр.
Спартакиаданың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насиxаттау, қызметшілердің бұқаралық спортқа қызығушылығын арттыру және үздік ұжымдарды анықтау. Спорттық сайыс «Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет» ұранымен өткізілді. Шара барысында санитарлық талаптар толық сақталды. Сонымен қатар, арқан тартыс, қол күресі сынды ойындардың да мықтылары анықталып, жеңімпаз командалар мен жекелеген ойыншылар арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Түркістан облысы елді мекендерді газдандыруда елімізде көш бастап тұр. Халық санымен есептегенде, 1 млн 750 мыңға жуық халық немесе облыс тұрғындарының 81,5% табиғи газбен қамтылған. Бұл еліміздегі жалпы көрсеткіштің 28,4 пайызы. Яғни, газбен қамтылған әрбір […]
Иллюстрациялық сурет интернеттегі ашық дерекөзден алынды. Түркістанда туризм саласына жыл басынан бері 63 млрд. теңге инвестиция бағытталды. Туристерге қосымша өнімдер және жаңа туристік бағдарламаларды ұсыну мақсатында ірі жобалар қолға алынды. Түркістан қаласында 2,5 гектар аумақта […]
Түркістан қаласында қоғамдық көлік мәселесі біртіндеп шешімін тауып келеді. Бүгінде рухани астанадағы жолаушылар тасымалы реттеліп, қызмет сапасына жақсы көңіл бөлініп отыр. Нақтырақ айтқанда, шаһардағы «Жолаушы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тасымалдаушы мекемесі 270 қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалдау […]
Пікір қалдыру